- Негізгі бет
- Психология
- 100 күннің ішінде...
100 күннің ішінде өмірді түбегейлі өзгертудің жолы
«Өмірді өзгерту мүмкін емес» деп санайтын адамдардың пікірі қате. Өмірін өзгерте алмайтын адам не ерінеді, не жүрексінеді. Ал бар күш-жігерін жинап, нақты шешім қабылдаған адам өмірін түбегейлі өзгерте алады.
1. Дүкеннен сатып алынған немесе достарыңыз сыйлаған «оқу керек» деген бір кітапты қолыңызға алып, 100 күннің ішінде бастан-аяқ оқып шығыңыз. Бұл сізді мақсатқа берік болуға және шешім қабылдауға үйретеді.
2. Күнде жаңа бір нәрсені тануға талпыныңыз. Мысалы, гүл атауы, бір елдің астанасы, бір қаланың беткеұстар ғимараты, жері, дәстүрлері және т.б. Біраз күннен кейін ойлау, есте сақтау қабілетіңіз жақсарғанын байқайсыз.
3. Күн сайын бір минут уақыт бөліп, сол күні не нәрсеге разы болғаныңызды қағазға жазып жүріңіз.
4. 100 күн бойы бір ауыз арыз, шағым айтпауға тырысыңыз. Негативті ойлар міндетті түрде негативті жағдайға апарып соғады.
5. 100 күн бойы күнде таңертең арнайы дәптерге ойыңыздағы дүниелерді тізіп жазыңыз. Ол мәнді, мәнсіз, өзекті, қарапайым нәрселерге қатысты болуы мүмкін. Ойыңызға не келсе де жаза беріңіз.
6. Күніне ең болмағанда бір сағат бойы болашақты жоспарлауға, армандауға арнаңыз. Қосымша қаржы әкелетін істерді ойлап табуға тырысыңыз.
7. Осы 100 күннің ішінде үнемі спортпен шұғылданып тұрыңыз. Ол мейлі би болсын, аэробика, йога, теннис, жүзу болсын, белсенді бір іспен айналысып тұруыңыз керек.
8. Осы 100 күннің ішінде өз ойларыңызды, сөздеріңізді бақылауға тырысыңыз. Кім болғыңыз келеді? Өзгелер жайлы не ойлайсыз? Неге олай ойлайсыз? Бәріне жауап беруге тырысыңыз. Сіздің ойларыңыз тек мәнді, мағыналы, пайдалы болуы керек.
Сонымен, өмірді өзгертуге дайынсыз ба?
Ұқсас жазбалар:
Рухы мықты адамдар қандай болады? #2
Өмірді мәнді етіп өткізу үшін... #2
Ф. Абилова