"Күз туралы күзсіз сөйлемдер" байқауы. Өз бағыңды сынап көр!

"Күз туралы күзсіз сөйлемдер" байқауы. Өз бағыңды сынап көр!
Фото: Borongaja.com

Массагет порталы ұйымдастырып жатқан "Күз туралы күзсіз сөйлемдер" байқауының келесі үміткерлері - Жанақова Нұргүл мен Ташимова Тоғжан. Қос қатысушының шығармаларын оқып, баға беріңіз!

 ***

Осы бір сағынышқа толы сырлы мезгілді жаныма жақын тұтатыным соншалық, адам аяғы саябырсыған уақытта саябаққа келіп жайғасып, ой құшағында күн ұзаққа отыра бергім келеді. Жаздың аптап ыстығы ұмытылып, салқын самал әлсін әлсін соққаны болмаса, ауа тынық. Тек аспан ғана әлденеге қатулана қалғандай, қабағын түкситіп ойлана қалыпты. Ақ жауынын селдетсем бе, жалаң аяқ жүгіріп желдетсем бе деп тұрған секілді. Жә, жарайды, мен үшін бүгін желдің де, селдің де тіпті қолды аяққа тұрмай қашатын құйынның да көңілімді түсірмесі анық. Себебі, бүгін ерекше бақыттымын, және осы бақытыма куәгер ретінде сұлу қыздай сызылып тұратын қайың ағашының сырғалықтары желмен төгіліп жерге иіліп жата кетеді де, қоңыр салқын ауасы бетіннен сүйе береді.  Әр жылы қыркүйектің қытығына тиетін самалы мен қарашанын қара суығына дейін созылатын сырлы мезгілді менде ерекше сүйемін. Менін жүрегіме нұр құятын да,  шабытыма шарықтау сезімін сыйлайтын да, менің жүрегімді махаббатқа толтыратын да осы бір шуақты айлар екені жасырын емес.  Ех, шіркін, үш айға ғана созылатын сырлы уақыттарда сырғып өте шығады да,  қарашаның аяғын ала бере жер ананың құшағына ақ ұлпа қарлар да асыға жетеді. Ой құшағынан арыла алмай жаймен жылжып жүре бергенімде, қайта айналып келіп тұр дегендей саябақтағы қайыңдар мен сәмбі талдар сәл еңкейіп, қол бұлғап шығарып салды.

 Жанақова Нұргүл

***

Бәрі де өткінші. Өмірде мәңгілік қаз қалпында сақталатын ешнәрсе жоқ. Бәрі де өзгермелі; әр нәрсе пайда болғаннан кейін жетіледі, дамиды, өседі, кемелденеді, одан кейін ескіріп тоза бастайды, әбден тозғаннан кейін ғайып болады. Ал оның орнын жаңа нәрсе басады, сол жаңа нәрсе ескі нәрсенің тағдырын қайталайды. Осылай дүние бірінен кейін бірі айналып жүре береді. Қазір біз осы бір айналмалы дүниенің кемелденген шағындамыз. Себебі оның алдында ойнадық, күлдік, жүгірдік, өстік. Енді ойын-сауықты артқа тастап, ойымызды ақылға бұратын кез келді. Табиғатпен бірге біз де тынышталып, алдағы өмірімізді сақтап қалудың жағдайын қамданып жүрміз. Айналамыз  түсі кеткен, реңі жоғалып бара жатқан ескі дүние сияқты бозарып, сарғайып  кетті. Одан кейін ол да көзімізден ғайып болады...

Ташимова Тоғжан Мыңбайқызы

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

Еске сала кетсек, байқау 26 қазанға дейін жалғасады. Қатысыңыз, жеңімпаз атаныңыз!

Байқау ережесімен тағы да танысу үшін мына сілтемені басыңыз.

Бұған дейін ұсынылған шығармалар:

Исақан Жұмабай Алдабергенұлы мен Әсел Аққалиева

Айдана Ақсисенова мен Арухан Сабыр

Ақгүл Айдарбекова мен Жандос Әуесханов

Шаймарданова Аяулым мен Даирова Гүлдана

Н. Айдархан