"Күз туралы күзсіз сөйлемдер" байқауы. Жабырқаулы маусым vs Мезгіл диалогы

"Күз туралы күзсіз сөйлемдер" байқауы. Жабырқаулы маусым vs Мезгіл диалогы
Фото: blogs.lexisnexis.co.uk

Массагет порталы ұйымдастырып жатқан "Күз туралы күзсіз сөйлемдер" байқауы қыза түсті. Бүгін назарларыңызға Аяулым Шаймарданова, Гүлдана Даирова есімді авторларымыздың шығармасын ұсынамыз. Оқыңыз, баға беріңіз!

Мезгіл диалогы

Жігіт: - Тоңыпсың, қолдарың суық.

Қыз: - Иә, қолшатыр алмаған соң...

Жігіт: - Сондай маусым, кеше айналаны алтынға бөледі де,  бүгін мұңлы драма ұсынды.

Қыз: - Пушкин жақсы көреді ғой...

Жігіт: - Ақындардың бәрі жақсы көреді (күліп).

Қыз: - Мысалы?

Жігіт: - Бірінші қаңтар жаңа емес жыл, жаңа жыл емес наурыз да...

Қыз: - Бұзылып кенет нілдей күн, еңсеңді басса зілдей мұң деп жалғасады.

Жігіт: - Тырналар, қарашы, құс та қайтты.

Қыз: - Көктемді қанатына қондырып қайтадан келеді туған елге ...

Шаймарданова Аяулым

Жабырқаулы маусым

Көңілді жабырқататын, еңсеңді әбден түсірердей бұл маусымның тек осындай жағымсыз жағын ғана емес, беймезгіл ойламаған сәттен жаныңды жадырататын тұстары да барын ойламай қалуға болмайды. Бәрі де пенденің ішкі жан дүниесіне байланысты. Қаламаған нәрсеңе қандай да бір сылтау болса да, оның іске асуы қайдам?!

Біреулер «шыжыған күндерден құтылдық» деп, ауа райының құбылмалы жағдайына үйреніп, табиғаттың еркімен болып жатқан құбылыстарға балаша қуанып жатса, енді бірі рухани жан дүниесінің албұрт сезімдеріне ерік бере алмай, сол күйі жабырқаулы көңіл-күйде қала береді. Шынында, бұл маусымда жылы көрпешеге оранып алып, жүрегіңнің түбіне терең үңіліп, жаныңа қаяу салардай мәселелерді ой-елегінен өткізу әбден әдетке айналып кеткен-ді.

Сағыныш мезгілі... Жабығыс мезгілі... Бірақ, күйбең тіршілікпен өмір сүріп жатқан пенделерге әсер етпей қалуына да кім кепіл?

Даирова Гүлдана

Еске сала кетсек, байқау 26 қазанға дейін жалғасады. Қатысыңыз, жеңімпаз атаныңыз!

Байқау ережесімен тағы да танысу үшін мына сілтемені басыңыз.

Бұған дейін ұсынылған шығармалар:

Исақан Жұмабай Алдабергенұлы мен Әсел Аққалиева

Айдана Ақсисенова мен Арухан Сабыр

Ақгүл Айдарбекова мен Жандос Әуесханов

Н. Айдархан