"Күз туралы күзсіз сөйлемдер" байқауы. Күз ызғары

"Күз туралы күзсіз сөйлемдер" байқауы. Күз ызғары
Фото: www.liveinternet.ru

"Күз туралы күзсіз сөйлемдер байқауының" аяқталуына санаулы күндер қалды. Асығыңыздар достар! Біз бүгін поштамызға келіп түскен тағы бір қатысушыларымыздың шығармасын ұсынамыз.

Түс

Түс – ғажайып түннің, жарық жұлдыздардың, көркем айдың сұлбасын өрнектей түсіп, сұлу саздың жырын көркемдей түсетін құпиясы көп, сырлы әлем дерсің. Түсімдегі ертегіде қатар тізіліп қиқулаған қаздар, мәңгілікке үзілген сезімдерді өздерімен бірге алып кетіп бара жатқандай. Толассыз көз жастары мына пейзаждың бояуын күңіренте түсуде. 

Суреттің бояуы тұнып тұрған Фантастика! Таңғажайып әлемнің қиялға толы бейнесі еліктің лағындай еліктіре мына мені үнсіз ғана осы бір көріністің ішінен әсемдік іздетіп сабылта берді... Өрілген өрнектер, төгіле шашылып жатқан маржандар, еңбектенуден талмайтын құмырсқалар, солдаттай тіп-тік тізіліп тұрған ақ қайыңдар гвардия тәрізді. Оны қоя тұра қиын кезеңнен өтпек қос ғашықтың көлеңкелі сұлбасы жан ұшырады. Классика! Сәл ғана толқынды әуен, пианинодан шыққан туынды ғана жетіспейтіндей. Бірақ, пейзажда ойнап тұрған музыка мұңды, арманшыл скрипканың дыбысы. Суретшінің алған образы да біркелкі бояуымен, сәулеге толы қоржынымен, асып-төгілген байлығымен толығып-ақ тұр. Өмірде барлығы, әсіресе әрбір жанның пікірі сан қилы, ал жазған көрінісімдегі мезгілдің не айтпағы беймәлім... 

Алмас Жангүл, 
Ақмола облысы, Есіл ауданы, 
№3 орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы

Күз ызғары 

Жадыраған жаз мезгілімен қош айтысып, салқын ызғар сезілуде. Адамның кәрілік шағы жетіп келгендей айналамыз сұп-суық. Құстар да жылы жаққа қанақ қағып ұшуда. Жаз мезгіліндегі хош иісті гүлдер, қол ұстасқан ғашықтар бір де бірі көрінбей. Айналаны тыныштық баурып алғандай. Сабақ басталып, студенттертер де ауылдан қалаға ағылуда. 

Әне, терезеден сыртқа ынтыға қарап отырған кішкене періште Асқар анасын еске алып көзіне ыстық жас алып, егіле жылап отыр. Себебі, дәл осы жыл мезгілінде Асқардың анасы мәңгілік сапарға аттанған болатын. Асқар ол кезде небәрі 6-сынып оқушысы атанған еді. Содан бері Асқар әр жылдың осы мезгілінде анасын сағына, келетініне сеніп терезеден күтуші еді..... 

Оман Зәбира
Қазақ ұлттық университеті

Тағы да естеріңізге сала кетсек, байқау 26 қазанға дейін жалғасады. Қатысыңыз! Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!

Байқау ережесімен танысу үшін мына сілтемені басыңыз.

Бұған дейін ұсынылған шығармалар:

Исақан Жұмабай Алдабергенұлы мен Әсел Аққалиева

Айдана Ақсисенова мен Арухан Сабыр

Ақгүл Айдарбекова мен Жандос Әуесханов

Шаймарданов Аяулым мен Даирова Гүлдана

Ибраһим Сегізбаев пен Алпамыс Файзолла

Бекзат Галимұрат пен Назым Сапарова

Ж. Жұмағұлов