- Негізгі бет
- Проза
- "Күз туралы күзсіз...
"Күз туралы күзсіз сөйлемдер" байқауы. Жүрегімді мазалайды бір әуен
Массагет порталы ұйымдастырып жатқан "Күз туралы күзсіз сөйлемдер" байқауына жіберген соңғы үміткерлердің шығармасын жариялаймыз. Байқауға келіп түскен шығармалар саны өте көп. Біз олардың бәрін емес, ішінен іріктеп, ең ерекшелерін жариялауға барымызша тырыстық. Бүгін соңғы күн. Соңғы қатысушылардың эссесімен таныс болыңыздар!
Жүрегімді мазалайды бір әуен
Тағы да сағыныш ... Тағы да сезімнің тамшысы... Қарапайым және түсініксіз! Бетховеннің құлағымен тыңдаған болсаңыз, бұл тамшыда мәңгіліктің бөлшегі болар бір тылсым күш бар секілді. Немесе, жалғыздықтың лағылдай жалғыз сыңғыры.Табиғаттың демі үзіліп, қоштасар соңғы сәті. Ал, адамдар бір-бірін ұмытып, тәтті сезімінен айырылар уақыты. Өкінішті... Құстардың ғазалы үні.Үнсіз өмір! Үнсіздік! Махаббаттың өшпес әуені...
Әбілдос Рамазан
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің 11-сынып оқушысы
Серт
Студенттік өмірге аяқ басып, табан тірегелі алғашқы күндерім бірінен кейін бірі сырғып өтіп жатыр. Тұнып тұрған әсем көрініс бар ауылымды, сол ауылдың тұрғындарын, яғни, менің осы жалпақ дүниедегі ең жақындарымнан тұратын отбасымды сағынған жабырқау көңілім қазіргі табиғатпен бейнелестей көрінеді. Жылт етіп күн көзінің көрініп, бірақ жапа-тармағай оны бұлт жауып, жер беті қара түнекке тартып сұрықсызданатыны - менің қазіргі күліп отырып томсырайып қалатын мінезіме келе ме, қалай өзі?! Дала сұрланып, әп сәтте нөсерлетіп жаңбырдың жауатыны секілді менің де жүрегім алабұртып, көзімнен ыстық жастың ретсіз тамшылауы соңғы күндері жиілеп барады. Жан дүниеммен арпалысқа түсе отырып, сыртқы дүниеден жанымды айтқызбай ұғынатын медет іздедім. Айналама көз жіберіп қарасам, мен табиғатпен тілсіз тілдесіп, екеуміз ым-жымсыз-ақ бір-бірімізді лезде түсініп, еш қиналмастан табысып жатқанымызға көзім жетті. Енді бір-біріміздің олқы тұстарымызды жасырып, әрбір сәтті сәл ызғары бар жылылыққа, сұр тартқан дүниені, дүбәрә жалғанды сұлулыққа толтыратынымызға серт бердік.
Тынышбай Наргиза
ҚазМемҚызПУ, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті
Байқау ережесімен танысу үшін мына сілтемені басыңыз.
Бұған дейін ұсынылған шығармалар:
Исақан Жұмабай Алдабергенұлы мен Әсел Аққалиева
Айдана Ақсисенова мен Арухан Сабыр
Ақгүл Айдарбекова мен Жандос Әуесханов
Шаймарданов Аяулым мен Даирова Гүлдана
Ибраһим Сегізбаев пен Алпамыс Файзолла
Бекзат Галимұрат пен Назым Сапарова
Ақжарқын Нұрлан мен Айзат Жолдасова
Мереке Керімхан мен Урах Азиза
Анель Алтаева мен Бекзат Нәбиев
Ақтоты Борисқызы мен Нәзира Қасымбекова
Ж. Жұмағұлов