- Негізгі бет
- Проза
- Әлібек Байбол. Диптих...
Әлібек Байбол. Диптих (Ең қысқа әңгіме)
Фото:
Әлібек Байбол
Жазушы Әлібек Байболдың ең қысқа әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз.
Дежавю
– Бұ... бұ жерді көрген секілдімін.
– Жұмақ қой.
– Рас па?
ОЛ ұзақ ойланды...
Жамевю
ОЛ бұ... бұ жерді әлі көрмеген. Ұмытқан да болуы керек. Есіне де түсіре алмады, қап. Қатты қинайды. "Бұл – Жұмақ еді ғой..." деген сөйлем жадында жаңғырды...