Осы жазда сиқыршы Гарри жайлы жаңа кітап шығады

Гарри Поттер − адал достықтың, нағыз махаббат пен мейірімділіктің үлгісі боған 7 томдық қиял-ғажайып шығармалар жинағы. Сиқыршылар оқиғасының бірінші кітабы 1997 жылы жарық көріп, көптің көңілінен шыққан. Ағымдағы жылы ағылшын жазушысы Джоан Роулинг өз табынушыларын жақсы жаңалықпен қуантпақ.

Шілденің 30-31 күні жазушы Джоан Роулинг пен Гарри персонажының туған күніне орай сиқыршы бала оқиғасының сегізінші кітабы жарық көреді. Туындының атын «Гарри Поттер және қарғалған сәби» деп қою жоспарлануда. Бұл − бұрынғысынша әдеттегідей роман емес, Джоан Роулинг пен сценарист Джек Торнның бірігіп жазған театрлық қойылымның сценарийі.

Кітаптың тұсау кесу рәсімі Лондон қаласында қойылым премьерасынан кейін келесі күні өтеді. Лондон табынушылары үшін бұл үлкен мереке болмақ. Ал кітап болса, қойылымға кел алмайтын оқырмандарға арнайы шыққалы отыр.

Соңғы рет біз Гарриді 9 3⁄4 платформасында балаларын мектепке шығарып салып бара жатқан сәтін көрген едік. Бұл оқиғадан кейін арада 19 жыл өтті. Енді ересек Гарри өзінің өткен өмірімен қайта кездеседі. Ал оның ұлы Альбусқа әкесінің танымалдылығы үлкен жауакершілік болады. Шығармада оның достары Рон мен Гермионаның өмірі де баяндалады.

Өткен шақпен бүгінгі күн байланысып, жамандық күтпеген жерден келеді деген ащы ұғымды әкесі мен баласы бірге түсінуге тырысады.

Дайындаған: Дания Күзембаева