Көрермендер қар ханшайымы Эльзамен қайта қауышады

Көрермендер қар ханшайымы Эльзамен қайта қауышады

Disney студиясы көптің көңілінен шыққан «Салқын жүрек» мультблокбастерінің жалғасын түсіретін болды.

«Дженнифер Ли мен Крис Бак бұл мультблокбастердің жалғасы туралы жақсы бір ой тастады. Көрермендер Эренделл патшалығына қайта саяхат жасайтын болады»,- деді Walt Disney Animation Studio және Pixar компаниясының директоры Джон Лассетер.

2014 жылы «Оскар» сыйлығын алған бұл мультфильмнің жалғасын түсіруде тағы да режиссерлер Дженнифер Ли мен Крис Бак және продюсер Питер Дель Вечо қатысады. Алайда, түсірілімнің басталуы, картинаның көрермендерге ұсынылатын мерзімі әлі белгісіз болып отыр.

«Салқын жүрек» (түпнұсқасы: "Frozen", орысшасы: "Холодное сердце") мультфильмі 2013 жылдың қараша айында көрермендерге жол тартқан еді. Әлемдік кинопрокатта 1,273 миллиард АҚШ долларын жинаған мультфильмнің ғаламтор мен дүкендердегі сатылымы аса жоғары. Сондай-ақ брендқа айналып үлгерген өнімдері де Disney Store дүкендерінде үлкен сұранысқа ие.

Аталған мультфильмнің кейіпкерлерін қысқа уақыт аралығында да көруге болады. Көрермендер оларды кинотеатрларда көрсетіліп жүрген Disney-дің «Күлбике» мультфильмнің алдында «Суықтағы салтанат» (түпнұсқасы: "Frozen Fever", орысшасы: "Холодное торжество") атты қысқаметражды туындыдан тамашалай алады.

Оқи отырыңыздар:

1. Эмма Уотсон – Дисней ханшайымы

2. "Салқын жүрек" мультфильмінің ханшайымын қамауға алуға ордер жарияланды

3. "Қайсар әрі мейірімді бол, жаным"

4. "Перизаттар: құбыжық туралы аңыз" анимациялық фильмі көруге тұрарлық па?

Сурет: file.mobilmusic.ru, cinestar.hu, im.mtv.fi 

Е. Жұмабайұлы