Кітапқұмарларға арналған қызықты деректер

Агата Кристи – әлемдегі ең атақты жазушы. Оның детективті романдары 100-ден астам тілге аударылған.  Жалпы Агата 60 детективті роман, 6 психологиялық роман (Мэри Уэстмакотт немесе Вестмакотт деген бүркеніш атпен), 19 әңгімелер жинағы мен 16 пьесаны жарыққа шығарған. Кітаптарының жалпы тиражы 4 миллиардтан астам.
Қазіргі таңда жалпы оқырман қатарына 45 жастан асқан егде кісілер жатады. Олар кітаптың 50 пайызынан көбін оқиды. Бүгінгі күнге дейін ең көп шығарма жазған ақын – Лопе де Вега. Испаниялық драматург өз өмірінің соңына дейін 1800 пьеса жазған. Әйелдер жігіттерден гөрі кітапты жақсы сатып алады. Олардың үлесі – 68 %. Аты әлемге танымал тұлғалардың  жазылған өмірбаяндары бойынша да әлемдік рекордшылар бар.  Мысалы, Уинстон Черчилдің өмірбаяны ең ұзақ жазылған, көлемді туынды болып саналады. Ол 22 томнан тұрады. Салмақ бойынша ең ауыр қолжазба – географиялық атлас. Ол Британия мұражайында сақтаулы. Оның салмағы – 320 келі, биіктігі – 1 метрден асады. Кітаптардың арасында "лилипут" кітаптар да кездеседі. Олардың көлемі кішкентай қасықпен тең.  Ең кішкентай кітаптардың қатарына Франция Конституциясы, ағылшын сөздігі жатады. Кітапқа жаны құмар адамдар бір аптада кемінде 7 сағат уақытын кітап оқумен өткізеді. Италиялық Рио Козелли әлемдегі ең зеріктіргіш кітаптар топтамасын жинайды. Қазір оның қолында 10 000 том кітап бар. Бір италиялық ақын өзінің шығармасын Козеллидің кітаптар топтамасының арасынан көріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған екен. Ең қымбат кітапты француз жазушысы Жозеф Форе жазған. Оның аты – «Апокалипсис». Құны – 100 миллион франк. Ол «Париж заманауи өнер" мұражайында қойылған. Ең ұзын кітап – «Ғажап». Оның толық ұзындығы – 1856 метр. Ол папирус қағазына жазылып, оралған. Кітаптың авторлары – Кастелло (Италия) қаласындағы оқу орталығының 400 оқушысы. Туынды 11 әңгімеден тұрады. Әлемдегі ең атақты кітап – «Соғыс және бейбітшілік», Лев Толстой. Роман Джордж Оруэлдың «1984», Джеймс Джойстың «Улисс», Владимир Набоковтың «Лолита» және Уильим Фолкнердың «Шу мен құмарлық»  секілді шығармаларын басып озған.

Оқи отырыңыз: 

Тіл туралы мақал-мәтелдер

Пауло Коэльо жайлы не білуіміз керек?

«Шын ертегі» немесе шынайы әңгімелер

Салтанат Смағұлова: "Сенен өзге кім ұғады мендейді?!"

Дайындаған: Жұлдыз Телемісова

Сурет: cotecotecote.carguru