2005 жылдың ең үздік әңгімесі

2005 жылдың ең үздік әңгімесі

Африкалық жас баланың бұл шағын әңгімесіне «2005 жылдың ең үздік әңгімесі» атағы берілген.

Бірге оқиық...

«Мен мынау жарық дүниеге қара түсті адам болып туылдым.

Есейгенде де қара түсте қала бердім.

Мен күннің астында қанша отырсам да қара түстен өзгермеймін.

Тіпті, мен күндердің бір күнінде өлетін болсам, ана дүниеге қара күйімде кетемін.

Ал, Сіз ақ адамсыз:

Туған кезде – қызыл шақа кейіпте боласыз;

Өскен кезде – ақ түске енесіз;

Күн астында қалсаңыз – қызарасыз;

Мұздаған кезде – көгере түсесіз;

Қорыққан кезде – сарғыш тартасыз;

Егер көңіл-күйіңіз түсіп кетсе – жасыл түске бой алдырасыз;

Өлген кезде – сұр түсті боласыз.

Ал, Сіз мені түрлі-түсті дейсіз...»

Аударған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: oxyxo.ru

Н. Айдархан