«Көркем қала – Алматы» атты мүшәйра өтеді

«Көркем қала – Алматы» атты мүшәйра өтеді

Қала күніне орай Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Қазақстан жазушылар одағымен бірлесіп, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Көркем қала – Алматы» атты ақындар мүшәйрасын өткізеді.

Мүшайра жас ақындар шығармашылығын қолдау және әдебиетті дамыту мақсатында өткізіледі.

Мүшәйраға қатысу шарттары:

1. Мүшәйраға 16-40 жас аралығындағы ақындар қатысады;

2. Алматы қаласын әсерлі поэтикалық түрде бейнелеп, оның өткені, бүгінгі тыныс-тіршілігін және келешегін көрсету қажет;

3. Өлеңнің көркемдігіне, тақырыпты ашуына, ой ұшқырлығына басты назар аударылады.

4. Алматы қаласы туралы бұрын жарияланбаған бір өленді korkemkala_almaty@mail.ru электронды поштасына жіберу;

5. Өлеңнің көлемі 3 беттен аспай, А-4 форматында Microsoft Word мәтіндік редакторымен «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалығы - 1.5 болып терілуі тиіс;

6. Қатысушылар шығармаларымен қоса жеке куәлігінің көшірмесі, қысқаша өмірбаяны, 3х4 түрлі – түсті суретті, тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірі жайлы мәліметтерді жіберу керек;

7. Үміткерлердің шығармалары 2022 жылдың 18 қыркүйгіне дейін қабылданады;

8. Іс-шара қорытындысы 2022 жылдың 20 қыркүйегінде өтеді;

9. Қазылар алқасының сараптауынан өткен шығармалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Мүшәйраның жүлде қоры:

Бас жүлде – 500 000 теңге;

I - орын – 400 000 теңге;

II - орын – 300 000 теңге;

III - орын – 200 000 теңге;

1 қатысушыға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлде – 150 000 теңге;

6 қатысушыға ынталандыру жүлдесі – 300 000 теңге (әр қатысушыға 50 000 теңгеден).

Мүшәйра жүлдегерлерін белгілі тұлғалардан құралған қазылар алқасы анықтайды.

Жыр сайысының ережесі туралы толық ақпарат әлеуметтік жілелер мен интернет-сайттарда жарияланады.

Толық ақпаратты келесі нөмірлер бойынша алуға болады:

+7 (727) 279-33-15; +7 705 987-68-50

Т. Раушанұлы