Әлемді құтқарған адамдар...

Әлемді құтқарған адамдар...

Біз адамдар, әдетте жұлдыздарға, модельдерге табынып, құрмет тұтып, еліктеп жатамыз. Бірақ, адамдар үшін шын мәнінде жақсылық жасай білген азаматтар ұмтып қалып жатады. Бүгін сіздерге ерекше ерлігі, әрекеті арқылы миллиондаған адамдардың өмірін құтқарып қалған және жойқын апаттардың алдын ала білген адамдарды таныстырғым келеді. Олардың алдында қарыздар екенімізді естен шығармайықшы...

Стастистикалық мәліметтерге сенсек, қауіпсіздік белбеуі миллионнан астам адамды өлімнен аман сақтаған. Швед инженері Нильсон Болин осы белбеуді жасап шығу үшін бір жылын жұмсаған. Сол бір жыл талайға өмір сеуіп келеді. Табыс үш жыл бойы сынақтан өткізіліп, 1962 жылы ғана патенттелді.

Жерді өрттен аман алып қалу

Бұл сөздер әскери қызметкер Станислав Евграфовичтің өмірлік ұранына айналған. Ол суық соғыс кезінде ядролық жарылыстың алдын алып қалған. Оқиға 1983 жылдың 26 қыркүйегінде орын алды. Ол ештеңеден қорықпастан, өз өмірін қатерге тіге отырып планетамызды жойқын апаттан аман сақтады. Бұл қару жарылғанда не болатындығын болжаудың өзі қиын...

Василий Александрович Архипов есімді азамат әлемді екі рет атом бомбасынан құтқарды. Ол 1961 жылы Кариб дағдарысы кезінде суасты қайығында қызмет ететін. Атом бомбасы тиелген қайыққа кенеттен шабуыл жасалады. В. Архипов Греланд және Норвег теңіздерінің солтүстігіндегі апаттың алдын алу үшін жанкешті қызмет еткендердің алдыңғы қатарында тұр. Осы дағдарыстың қырық жылдығына орай өткен конверенцияда Джү Вашингтон "Архипов есімді жігіт әлемді құтқарды" деген екен.

Польша дәрігері Юджин Лазовский Холокост кезінде мыңдаған еврейлердің өмірін құтқарады. Өте қауіпті инфекциялық ауруға вакцинаның көмегімен тосқауыл қояды. Науқастарды өзгелерге жұқтырмас үшін ауданнан алып кетеді. Немістер де осы аурудан қорыққандықтан жақындай алмаған деседі.

"Алтын қолды адам" – аустралиялық плазма доноры Джеймс Харрисонды осылай атайды. Жасөспірім кезде кеуде жасушаларына бірнеше күрделі оталар жасатқан бала 13 литр донорлық қан арқылы аман қалады. Сол кезде бала өзіне кәмілет жасқа толысымен ерікті донор болам деп уәде берген екен. Тағдырдың сыйы ма, әйтеуір, Харрисонның қаны әмбебап болып шығады. Оның плазмасынан жүктілік кезіндегі резус-конфликттердің алдын алатын, болашақ ұрықты сақтайтын және өмір сыйлайтын антитела табылған. Қазір 78 жастағы қарт әрбір 3 аптай сайын 40 миллилитр қан тапсырады. 60 жыл ішінде бұл сан 1000 есеге көбейді. Осы уақытта Джеймс Харрисон 2 миллион жас аналар мен бөбекерді құтқарып қалған.

Американдық микробиолог Морис Ральф Гиллеман бүкіл ғұмырында 36 вакцина ойлап тапқан. Оның 8 дәрі-дәрмегін бүгін де қолданып жүрміз. Мидың қабынуына, менингитке, шешекке, сары ауруға қарсы тұра алатын дәрілер жасап шыққан азаматқа күллі әлем қарыздар. Оның 1957 жылы қолданысқа енген тұмауға қарсы вакцинасы ғаламшарымыздағы 20 млн. адамға өмір сыйлап үлгерді.

Ғалымдар афроамерикандық Генриетта Лакстың жасушалық донорының арқасында адамзатқа ауадай қажет материалдар жасалды. Жас әйел қатерлі ісіктен қаза болады. Ол өзінің денесін медицинаға мұраға қалдырды да, есімін мәңгілік өшпестей етті. Лакстың ағзасындағы сау жасушалардың көмегімен жұлын қабынуына қарсы вакцина ойлап табылды. Бүгінде оны СПИД-ке, онкологиялқ ауруларға қарсы қолданылатын дәрілерге қосады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net