"Алматы Марафон" – 2018

"Алматы Марафон" – 2018

Биыл "Алматы Марафон" спорт шарасына қатысушылар саны рекорд жаңартты. Шараға 14 000-нан астам адам тіркеліп, марафонға қатысқан. Одан бөлек, 38 елден келген спортшылар да бақ сынады.

Қатысушылар сағат таңғы 8-ге дейін алаңда бас қосты. Сағат 8:00-де "Старт" нүктесінен жүгіру басталып кетті. Ал, олардың қолдаушылары жаңа алаңда қалды. 

Алматы Марафон 2018Қолдаушыларды сергіту мақсатында әрі марапаттаудың салтанатты бөлімі ретінде мерекелік шара өткізілді. Қатысушыларға демеу көрсетуге келген тұрғындар жай күтіп қана қоймай, әсем ән тыңдап, ырғақты әуендерге билеп те алды.
вввОсылай отырғанда уақыттың қалай сырғып өткенін де байқамай қалды. Қатысушылардың арасында топ жарған үздіктер мәреге келе бастады.
ввв

Әсіресе, кішкентай қатысушыларды бүгінгі күннің батырлары деуге болады. Өйткені, қатысуға шешім қабылдаудың өзі, дайындық – мұның бәрі еңбек пен мықты ерік-жігерді қажет ететіні анық. 

ввв

Қатысушылар біртіндеп мәре сызығына жақындап келеді. Олардың арасында жастар да, қарттар да, тіпті, спортты жанына серік еткен мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.

Алматы Марафон 2018Спортпен шұғылданатын адамның қимылы ширақ, еті тірі, өңі жас болатынының тағы бір дәлелі – марафонда бақ сынаған қарттар. Олар да өз кезегінде жастардан қалыспай мәре сызығын кесіп өтті.

Алматы Марафон 2018

Мәреге жақындаған сайын олардың күші мен екпіні еселене түседі. Өйткені, мәреге жеткен сәттегі қуаныш пен жақын жандарының нұрлы жүзі бақыт сыйлайтыны анық. 

Алматы Марафон 2018

Берілген қашықтықты жүгіріп өткен жастар өзара бас қосып, алған әсерлерімен бөлісе бастады. 

Алматы Марафон 2018

Бірнеше уақыттан соң алаң адамға толды. Бірі қуанышымен бөлісу үшін үйге асықса, енді бірі телефон арқылы туған-туыстарына бүгінгі күнін айтып жатты. Ал, кейбір адамдар өздерінің әріптестері, достары мен туыстарына сол жерде қолдау көрсетті.
Алматы Марафон 2018

Кейбір жоғары оқу орындары өзара бас қосып, суретке түсіп, бүгінгі күннің кішкене жетістігін тойлатты.

Алматы Марафон 2018

эжэж

Алматы Марафон 2018

"Алматы Марафон-2018" шарасына Tengrinews.kz және Vesti.kz секілді еліміздің алдыңғы қатарлы сайттарының журналистерінен құралған командалар да қатысты. Ал, осы уақытқа дейін екі рет марафонға атсалысқан Massaget.kz ұжымы биыл үшінші рет бақ сынап, сайысты сәтті аяқтады.

Алматы Марафон 2018

Ал, "Алматы Марафонында" топ жарғандар салтанатты түрде марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі. Жыл сайын марафонға қатысушылар саны артып келеді. Келесі жылы бұл үрдісті жалғастырушылар саны тағы да арта түседі деп сенеміз.