Бәрі далаға ұмтылды: Алматыда жер сілкінісі тұрғындарды шошытты

Алматыда күшті жер сілкінісі сезілді. Massaget.kz тілшісі оқиға кезіндегі сурет-видеоларды жинап шықты.

Сағат 11.22-де Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде энергетикалық класы 13.2. MPV магнитудасы 6.1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Ал Алматы қаласында 5 балл болып сезілді.

Қала тұрғындары жер сілкінісін сезген бойда ғимараттардан шығуға асықты.

Тіпті кейбіреулер жұқа киімдерімен де далаға шығып кеткен.

Жер сілкінісі тұрғындардың үрейін ұшырғаны соншалық - көпшілік ұзақ уақыт ғимараттарға кірмеді.

Редакция оқырмандары кейбір ғимараттардың сыртқы бөлігіне зақым келген видеоларды да жолдап жатыр.

Алматыда полиция күшейтілген қызмет түріне көшкен. 2 мыңнан аса полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті күзетіп тұр.

Солтүстік-оңтүстік-шығыс-батыс бағыттарында жол қозғалысы көбейген. 

Тіпті Telegram-арналарда балабақшадағы балалар далада тамақтанып отырған сурет те тарады. Алайда нақты қай балабақша екені белгісіз.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде жер сілкінісі кезінде де дәрігерлер отаны жалғастырып жатқан видео тарады. Кардиология ғылыми-зерттеу институтында хирургтер төтенше жағдайға қарамастан науқасты аман алып қалу үшін отаны тоқтатпаған. 

Қала тұрғындары метро бекеттерінен де эвакуацияланған.

"Алматы метрополитені ТЖД жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен үш сағат көлемінде қайта іске қосылады. Қазіргі кезде метро аумағында ешқандай бұзылыс байқалған жоқ, жолаушылар сыртқа шығарылды. Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес тағы да жарияланады", - деді Метрополитен өкілдері.

Студенттер мен оқушылар сабақтан босатылды.

"Мектептер мен балабақшалар жабылмады. Ата-аналар қаласа, балаларын үйлеріне алып кете алады. Мектептер - азаматтарды қабылдау пункті, сондықтан ата-аналар жұмыста болса, балалар мектепте қала алады", - делінген Massaget.kz тілшісіне берген жауапта. 

Ал ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері жоғарғы оқу орындарында студенттер үйлеріне және жатақханаларына жіберілгенін айтты. 

"Зардап шеккен студенттер жоқ, олар эвакуацияланды. Бүгінгі сабақтар болмайтын болды. Қазір министр Саясат Нұрбектің тапсырмасымен жатақханаларға кезекшілер қойылды. Кезекшілер студенттерге жылы киім, су, тағам керек болған жағдайда толық бақылауға алады, қажет заттармен қамтамасыз етеді", - деді олар. 

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде қала тұрғындары сауда нысандарынан, үйлерден, жұмыс орындарынан оқиға кезіндегі түрлі видео жариялап жатыр.

@adiiskakov #землетрясени #алматы #пздц #рек #топ #казахстан #астана ♬ оригинальный звук - А Д И
@artem_bukhonin

5 баллов… землетрясение Алматы. Офис satu.kz… съемки

♬ оригинальный звук - Kaspi Wildberries Ozon продажи
@besh_borsch #землетрясениеалматы ♬ оригинальный звук - besh_borsch

Күшті жер сілкінісі болған кез бейнебақылау камераларына да түскен.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!



Бөлісу: