- Негізгі бет
- Тұлға
- "Майкл Джексонды" иіскеңіз!...
"Майкл Джексонды" иіскеңіз!
Сот Ницца қаласының тұрғыны Франк Руа мен Джексондар әулетіне ресми түрде Майкл Джексонның атындағы иіс су шығаруға рұқсатын берді.
Jackson Perfumes әтірі парфюмерияның астанасына айналған Францияның Грасс қаласында таныстырылады. Euromag агенттігі хабарлағандай, поп-жұлдыз атындағы әтір 2013 жылы ақпан айынан бастап сатылымға қойылады.
Жұлдызды әтір лазур жағалауында жасалатын болды. Ал осыған дейін 20 мың құты (флакон) әтір жасалып, жарыққа шығар жұлдызды сәтін күтуде.
Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана Майкл Джексонның 55-ке тарта киімін Леди Гага сатып алғанын жазған болатынбыз, ал кейін саусақты қолғабы да 200 мың АҚШ долларына бағаланып, аукционнан өткенін хабарлап едік. Осыған қарағанда, поп-идолға айналған жұлдызды артындағы көрермен-әлемі сағынған шығар...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: obozrevatel.com
А. Құлтай