Майкл Джексонның қолғабы 200 мың долларға сатылды

Майкл Джексонның қолғабы 200 мың долларға сатылды

Майкл Джексонның 1984 жылы "American Music Awards" премиясын аларда қолына киіп шыққан кристаллмен безендірілген қара қолғабы жақында Лос-Анджелесте өткен бәссаудада 200  мың долларға сатылды. 

Жұбы жоқ аталған қара қолғапты Майкл Джексон өзінің атақ-даңқын әйгілеген "Thriller" альбомы үшін марапат берілген салтанатты кеште киіп шыққан болатын. Онда ол жалғыз қолғапты киюінің сырын "жұпсық қолғаппен бәрі ғаламат!" деп түсіндірген-тұғын. 

Кейіндеу қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылған шаралардың бірінде өнер жұлдызы жалғыз қолғапты емі жоқ ауруға шалдыққан балаларға сыйға тартқан болатын. Ал бүгінгі таңда "Nate D. Sanders" бәссаудасына қалай тап болғаны туралы ешкім білмейтін болып шықты. Әзірге бәссуда үйі сатып алушының есімін жария қылмай отыр.

сурет:siterg.terra.com.br

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига