- Негізгі бет
- Тұлға
- Кемеңгерлерден керемет кеңестер...
Кемеңгерлерден керемет кеңестер
Соңғы кезде ұлы адамдардың өмірбаянын оқып, сол арқылы өзіне шабыт алу сәнге айналып келеді. Ал ол адамдар өмірлік тәжірибесінен алып, кейінгіге қалдырған сөздері афоризмге айналып та жатады. Бірқатарымен таныс болыңыз.
Қазіргі теоретикалық физиканың негізін салып, өз заманында ел билеуге ұсыныс алған Альберт Эйнштейн өзіне өте сенімді болған, кейінгілерге де осыны айтады.
«Жетістікке жету жолында қандай жағдай болса да, өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз. Сізде өмір сүру мүмкіндігіне деген екі-ақ тәсіл бар:
• ғажайыптар болмайтындай;
• айнала таңғажайыпқа толы».
Мектеп мұғалімдері кеміс деп оқытудан бас тартқанда, анасының сабағын ғана алған ғалым Томас Эдисон «Ешқашан еңсеңізді түсірмеңіз» дейді. «Біздің басты кемшілігіміз – бәріне қол сілтей саламыз. Жетістікке жетудегі ең тура жол – тағы да байқап көру».
Біз сүйіп көретін америкалық мультфильм, фильмдерді шығаратын American Zoetrope, Lucasfilm Ltd және Pixar кинокомпанияларының негізін салушы Джордж Лукастың құнды кеңесі жылдамдыққа байланысты. Әсіресе біздің заманымызда сіз бүгін ойға алған дүниені ертең біреу жүзеге асырып жататын жағдай көп кездеседі.
«Барлығын тез орындаңыз! Игілікті іске құлшынысыңыз оянып, қолға алатын бір жақсы күнді күтсеңіз, сол жақсы күніңіз бүгін болсын!»
Pixar кинокомпаниясының тағы бір құрушысы, Apple корпорациясының негізін салушы Стив Джобстың әуелден бергі ұстанымы өзінің сүйікті ісімен айналысу.
«Өз сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Бұл міндетті түрде жеңіске жеткізеді. Мен күн сайын айна алдында өзіме мына сұрақты қоямын: Егер ертең өмірімнің соңғы күні болса, бүгін осы іспен айналысар ма едім? Белгілі уақыт аралығында жауаптарымның барлығы «жоқ» болса, ол іспен айналыспауым керек екенін түсінемін».
Ал қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлы жігіттік намысты, әділдікті, шыншылдықты алдыңғы орынға қояды.
«Именіп жүріп көрген игіліктен – қарсыласып жүріп көрген бейнет артық».
Кімнің кеңесі көбірек көңіліңізден шықты?
@. @assel_assanova