Стив Джобс балаларына iPhone ұстатпаған

Стив Джобс балаларына iPhone ұстатпаған
Фото: vk.com

Технология саласына үлкен жаңалық алып келген адамға оның зиянды тұстары мәлім болатыны айтпаса да түсінікті.

Стив Джобс Apple компаниясын басқарып отырған кезде өз балаларына айпад пен айфонды ұзақ пайдалануға тиым салған екен. Неге? Бір күні The New York Times басылымының журналисі Ник Билтон Джобсқа мынадай сұрақ қойыпты: «Сіздің балаларыңыз айпадтан басын алмайтын шығар?!» Ал, Джобс күрпеген жауап қайтарды: «Балалар оны пайдаланбайды. Біз балалардың компьютер басында өткізетін уақыттарын қатаң қадағалаймыз».

Осыншама жетістікке қол жеткізген адамның үйі толған компьютер, сенсорлы экран, ал, келген қонақтарға сарқытқа беретін кәмпит орнына айпад үлестіретін шығар деп ойлайтынымыз құпия емес, әрине. Бірақ, қателесіппіз.

Жалпы, бұл салада өлшеусіз еңбек етіп жатқан тұлғалар технологиялардың адам ағзасына тигізетін зиянына үлкен мән береді. Стив Джобс секілді көпшілігі отбасы мүшелеріне шектеу қояды.  

3D Robotics атты IT-алпауыт басшысы Крис Андерсон девайттарды тәулігіне 2 сағаттан артық жұмыс жасамайтындай етіп бағдарламалап қояды екен. Әрине, балаларына бұл шешім ұнамайтыны анық: «Менің балаларым әйелім екеумізді кінәлайды. Олардың достары гаджетті шектеусіз пайдала береді» деген екен.

Ал, OutCast Agency компаниясының директоры Алекс Константинополь бес жасар кенжесінің гаджетті мүлдем пайдалабайтынын айтады. 10 және 13 жастағы ересек балалары компьютерді тек 30 минут қолданады. 

Ал, сіз неге компьютер басында әлі отырсыз? 

А. Оралқызы