- Негізгі бет
- Тұлға
- Белгілі журналист дүние...
Белгілі журналист дүние салды
Алматыда танымал журналист Азамат Қалымбетов дүниеден озды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерге қарағанда А.Қалымбетов ұзаққа созылған мидағы ісік салдарынан қайтыс болған.
Журналистің әпкесі Наталья Қалымбетованың айтуынша, Азамат біраз уақыттан бері ауруханада жатты. Қатерлі ауру туралы диагноз тек ағымдағы жылдың қаңтар айында белгілі болған. Содан кейін туыстары оны Оңтүстік Кореяға апарып емдетуге тырысқан екен. Алайда, соңғы уақытта А.Қалымбетовтің науқасы күрт ауырлап, жағдайы қиындап кеткендіктен, дәрігерлер оған рұқсат бермеген.
Журналист Азамат Қалымбетов әр жылдары «Хабар» телеарнасында тілші қызметін атқарды. «Қазақстан» телеарнасының және «Оң-ТВ» арнасы жаңалықтар қызметінің бас редакторы болған. Соңғы кездері "Оң-ТВ" деп атауын өзгерткен "Таң" телеарнасында жұмыс істеді.
Дереккөз: inform.kz
О. Сансызбай