«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады

«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады
Фото: www.kaztrk.kz

«Қазақстан» телеарнасының эфирінде түрлі жаңа орындауларға, тың дуэттерге және ғажайып қойылымдарға толы «Роза шақырады» атты музыкалық тележобаның тұсаукесері өтеді -деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Бағдарламаның басты жұлдызы  – отандық сахнаның примадоннасы, танымал тұлға – Роза Рымбаева. Әнші телевизиялық жобаның иесі ғана емес, сонымен қатар бас кейіпкері. Барлық жоба жанды дауысқа құрылған. Бағдарламаның әр шығарылымында көрермендер тосын нөмірлер мен күтпеген жаңа дуэттерге және басқа да қызықты қойылымдарға куә болады.

Тележоба барысында отандық шоу-бизнес өкілдері – танымал әншілер, әртістер, актерлар, сазгерлер өз шығармашылығының және өмірінің қызықты тұстарын бөліседі. Сүйікті де танымал әншілеріңіз бен композиторларыңыз өз туындыларын жанды аккомпанементте орындайды.

Танымал орындаушылармен қатар әрбір бағдарламада жаңа жұлдыздың аты халыққа белгілі болады. Шоу барысында Роза Рымбаева қазақстандықтарға жаңа орындаушыларды, композиторларды және сықақшыларды таныстырады. Кешті Роза Қуанышқызымен бірге Әли Оқапов және Рүстем Нұржігіт жүргізеді.

Музыкалық шоу 17 мамыр күні сағат 21.00-де «Қазақстан» телеарнасының эфирінде «Ұлттық шоу: Роза шақырады» деген атпен шығады. Жіберіп алмаңыздар! 

Н. Нұрмаханұлы