Айшвария Рай өз еркімен БҰҰ-ның елшісі болды

Айшвария Рай өз еркімен БҰҰ-ның елшісі болды

Болливудтың ең атақты актрисасы, әлемнің ең сұлу бикештерінің бірі саналатын Айшвария Рай Баччан БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД (ЮНЭЙДС, UNAIDS) бағдарламасы аясында өз еркімен елші болып тағайындалды, деп хабарлайды  IANS агенттігі. 

БАҚ-тың хабарлауы бойынша, атақты актриса ВИЧ инфекциясынан балаларды қорғау және иммунжетіспеушілік вирусының жұқтырмау жолдарының алдын алатын көрінеді. 

"Рай ханымды бәрі құрметтейді және әлемнің миллиондаған адамдары таңдай қағып, қызыға қарайды. Осы себептен Рай Баччанның үлкен құрмет-беделі 2015 жылғы балалар арасындағы ВИЧ індетінің жаңа түрлерінің қозып кетпеуіне өз септігін тигізеді" - деп ЮНЭЙДС -тің атқарушы директоры Мишель Сидибе айта кетті. 

Айшвария Рай - үндістандық әйгілі актриса және фотомодель. 1994 жылы "Әлем ханшайымы" байқауында жеңіске жетіп, содан бері Үндістанның, Азияның, әлемнің ең сұлу бикеші саналып келе жатыр. Байқаулардағы жеңістерге қол жеткізген соң Рай ханым кино әлеміне бет бұрды. Бізге таныс "Влюбленный самозванец", "Навеки твоя", "Розовая пантера 2", "Принцесса специй"  сияқты басқа да киноларда рөл сомдады. 

сурет:gold-nostalgia.livejournal.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига