- Негізгі бет
- Сән
- Айшвария Рай сұлулығының...
Айшвария Рай сұлулығының құпиясы
Біз әлемнің ай жүзді, алтын қабақ аруы Одри Хепберннің сұлулық сырына үңіліп көргенбіз. Бүгін үнді актрисасы Айшвария Рай сұлудың мінсіз мүсінінің құпиясын ашуға тырысамыз.
Айшвария Рай әр таңда аш қарынға жылы суды лимон мен балға араластырып ішеді екен. Күніне 8 стақан су ішіп, ағзасындағы су балансын ретке келтіріп отырады. Сосын күнде таңертеңгі жаттығуды ұмытпайды.
Жалпы жеміс-жидек пен сүтті тағамдарды көп жейді. Ет жемейді.
"Нәзік тері - әйелдің мақтанышы" деп есептейтін ханшайым терісін былай күтеді: Бірнеше ас қасық крахмал, бір қасық глицерин, бір уыс құрғақ сүт, екі кесе ас содасы мен екі ас қасық тұз, эфир майының бірнеше тамшысын қосып, бәрін араластырып, банкаға сақтап қояды. Жуынған кезде суға бір қасықтан қосып отырады. Сондай-ақ бал, кез келген өсімдік майын да теріні қоректендіру үшін қолданады.
Айшвария Райдың ең басты құпиясы - көбіне табиғи өнімдерді пайдаланатындығында. Бетіне қиярдан, сүтті тағамдардан маска жасайды.
Әйгілі сұлудың макияжын өзіңізге жасағыңыз келсе (әлбетте көзіңіздің түсі Айшварияның көзінің түсіне сай келсе), оның макияжды қалай жасайтынын тәптіштеп айтып берейік:
Бетке жеңіл, сұйық негізді жағады. Үлкен кистпен бетті опамен бояйды. Қасқа алтын түсті теньді жағып, көзді сұйық қоңыр қарындашпен не подводкамен қалың етіп сызады. Қоңыр тушьпен астыңғы, үстіңгі кірпіктерді бояйды. Кейін бетке еңлік жағып, беттің ұшын сәл қызартады. Карамель реңді далапты ерінге жағады.
Қырықтың қырқасына жақындаған үнді елінің мақтанышы әлі де мінсіз сұлулық иесі.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: gofitandhealthy.com, diary.ru
Р. Роза