- Негізгі бет
- Тұлға
- Альберт Эйнштейн өмірінен...
Альберт Эйнштейн өмірінен сыр шертетін суреттер
Альберт Эйнштейн (1879-1955) – физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі, физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері, қоғам қайраткері. Ұлты – еврей. Ол арнайы салыстырмалылық теориясы, жылу сыйымдылығы және фотоэффект кванттық теориясы, Бозе Эйнштейн кванттық статистикасы, Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялар теориясы, т.б. көптеген теорияның негiзін салған. Мэрилин Монро мен Эйнштейн 1950 жылдары Американың аңызы болған. Мэрилин сұлулық символы болса, Эйнштейн ғұламалық үлгісі еді.
Әйгілі ойшылдың өмірінен сыр шертетін суреттерді ұсынамыз.
Эйнштейн жұбайымен. Милева Марич пен Эйнштейн 1896 жылы Цюрихте, Политехникумда бірге оқып жүрген кездерінде танысқан. Ол кезде Альберт 17, Милева 21 жаста еді. Эйнштейннің ата-анасы қарсы болғанына қарамастан, екеуі 1903 жылдың қаңтарында үйленген. Милева Марич – ғұламаның бірінші әйелі.
Бұл суретте Эйнштейн екінші әйелі Эльзамен бірге тұр. 1971 жылы 38 жасында ойшыл ауырып қалады. Германияда соғыс жүріп жатқанда Альберт ой еңбегімен белсенді түрде айналысып, дұрыс тамақ ішпей, бауыр ауруына шалдығады. Сосын асқазан жарасы пайда болады. Ойшылға күтім көрсетуді анасы жағынан немере, әкесі жағынан шөбере әпкесі болып келетін Эльза Эйнштейн-Ловенталь өз мойнына алады. Ол өзінен үш жас үлкен, ажырасқан, екі қызы бар әйел еді. Альберт пен Эльза бала кезінен дос болып өскен, ал бұл жағдай екеуінің арасын одан әрі жақындатады. Өзінің атақты інісіне қамқорлық көрсете білген Эльза ғалым бірінші әйелі Милева Маричпен ажырасқан бойда оған тұрмысқа шығады. Ал Эльзаның екі қызын Альберт асырап алып, жақсы әке бола білген.
1940 жыл. Эйнштейн Америка азаматтығын алып жатыр.
Альберт достарымен.
Әріптестерімен.
Сұхбат барысы. Көзі тірі кезінде данышпанның атағы әлемге жайылған.
Ғұлама бұл суретте скрипкада ойнап тұр. Эйнштейннің сүйікті музыкалық аспабы – скрипка болған. Тіпті бір кезде Германияда өткен қайырымдылық концертінде сахнаға шығып өнер көрсетіпті. Оның ойлау тәсілі ерекше еді. Тығырыққа тірелгенде, скрипкасын қолына алып, мәселенің шешімін тапқан екен.
Гитарада да ойнап тұрған.
1952 жылы Израиль президенті Хаима Вейзманна (Chaim Weizmann) қаза тауып, Израиль премьер-министрі Давид Бен-Гурион (David Ben-Gurion) Эйнштейнге Президент тағын ұсынған. Қазіргі күнге дейін Израиль Президентін Парламент дауыс беру арқылы таңдайды. Эйнштейн бұл ұсынысқа қуанышты екенін білдіре отырып: "Израиль мемлекетінің ұсынысына ерекше қуаныштымын, өкінішке орай, оны қабылдамауға міндеттімін", - деп жауап хат жазған екен.
Досымен.
Үлпілдек аяқ киім киген Эйнштейн.
Ал мына сурет – әлемдегі ең танымал суреттердің бірі. Әлем таныған ғұлама туралы алып-қашпа әңгіме көп жүрген. 1952 жылдың 14 наурызында Сейсс атты фотограф Эйнштейннен ойланып отырған түр көрсетуін (бір деректерде, камераға қарап жымиюын) өтінеді. Бұл сөзге Эйнштейн дәл осылай тілін шығарып жауап берген. Осы әрекетімен Альберт ғалымдардың тек ой түбіне тереңдеген ойшыл ғана емес, өмірге құштар қарапайым адамдар екенін де көрсеткісі келген. Сурет жария болғаннан кейін ғалым оның ең сәтті сурет екенін мойындаған. Қоғамда қалыптасқан ғалым бейнесі туралы стереотип ойшылды мезі етсе керек. Бұл суретті Эйнштейн өз достарына жаңажылдық құттықтау хаты ретінде жіберген. Барлығы 9 түпнұсқа сурет басылып, 2009 жылы оның біреуі 74 000 долларға сатылған екен.
Ұқсас жазбалар:
Сурет: line.do
Р. Роза