- Негізгі бет
- Тұлға
- 7 мәрте "Гиннесс...
7 мәрте "Гиннесс рекордтар кітабына" енген қазақ
Марат Төлегенұлы Жыланбаев – Гиннесс рекордтар кітабының марафон жүгіру спорты бойынша 7 мәрте рекордшы. Ол – әлемдегі жалғыз төрткүл дүниенің ең үлкен құмды шөлдерін бір өзі ғана жүргіріп өткен марафоншы.
Марат Төлегенұлы 1963 жылы сәуір айының 19 жұлдызында Қарағанды облысы, Фрунзе совхозында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған. Мектептің 1-8 сыныптарын Қарағанды облысының балалар үйінде оқып, сонда тәрбиеленген. Екібастұз қаласының құрметті тұрғыны. Ол – марафоннан халықаралық спорт шебері. Оның әрбір марафоны кемінде 1200 шақырымды қамтиды. Марафоншы 1992 жылы сәуір айында небары 20 күннің ішінде Қарамқұмды, 1993 жылы 25 ақпан мен 23 наурызда 1700 шақырымды 24 күнде, Үлкен Викторияны 1993 жылы 24 қараша мен 15 желтоқсанда 1600 шақырымды 22 күнде және Америка Құрама Штатындағы Невада шөлін 1994 жылы 1-19 сәуір аралығында 1218 шақырымды 17 күнде бағындырған.
1988 жылы жүгіру бойынша өзінің жеке әдістемесін ойлап табады. 1991 жылдан бастап оны КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Федор Склокин дайындаған.
1990 - 1991 жылдары Марат 42 шақырым 195 метрден тұратын 226 классикалық марафонды жүгіріп шыққан. 1991 жылы 23 күнде 23 классикалық марафонға қатарынан қатысады. Тап осы жылы (бір күнде екі марафоннан) 30 классикалық марафонды 4 сағат 54 секундта жүгіріп өтеді. Бұл әлемдік рекордтарды әлі күнге дейін ешкім жаңартпаған.
Марафоншы спорт өмірімен қош айтысқаннан кейін жеке кәсібін ашқан. Фото баспа, мейрамхана кәсібімен айналысады. Екі мәрте қаланың мәслихат депутаттығына сайланған. Қазақстандағы спортты жандандыруға белсене араласып тұрады. Қазіргі таңда Аймақтық даму министірлігі оның «барлық көп қабатты үйлердің шатырын жүгіру алаңдарымен қамтамасыз ету» идеясын қызу талқыға салуда.
2013 жылы Марат Халықаралық TED "Extra Жаңа тұрақтылық" көрмесінің қатысушысы болған. TED (Technology Entertainment Design;) мақсаты - дүниедегі ең мықты адамдарды бір ортаға жинап, өз идеясын берілген уақытта толығымен айтып, таныстыру. Мұнда алғаш рет Macintosh компьютері мен Sony компаниясының компакт-дискісі таныстырылған. Олардың қатарында Билл Гейтс те бар. Осы конференцияда Марат Төлегенұлы өзі ойлап тапқан жүгіру әдістемесін таныстырады. Бұл әдістеме арқылы кез келген адам күніне 80 шақырым жүгіру мүмкіндігіне ие бола алады.
Оқи отырыңыз:
Есте сақтау қабілеті жасаған рекордтар
Винокуров Гиннестің рекордтар кітабына енді
1111 метр қазы Гиннесс рекордтар кітабына ұсынылды
13.2 миллион пікір жинап Гиннесс Рекордтар кітабына енді
Сурет: erkindik.kz
Н. Нұрмаханұлы