"TED Talk" конференциясы туралы не білесіз?

"TED Talk" конференциясы туралы не білесіз?

TED (ағылш. Technology Entertainment Design; Технология, Ойын-сауық, Дизайн) —  Америка Құрама Штатының 1984 жылдан бері жыл сайын конференция ұйымдастырушы бейкоммерциялық қор (Калифорния,АҚШ).

Конференцияның негізгі мақсаты – бірегей идеяларды таратуға («ideas worth spreading»)  жол ашу. Конференцияның таңдаулы дәрістері ғаламтор веб-парақшаларында кеңінен таралған. Талқыланатын тақырыптары әр түрлі: ғылым, өнер, дизайн, саясат, мәдениет, кәсіпкерлік, ғаламдық мәселелер, технология және ойын-сауық. Бұл іс-шараға Американың бұрынғы президенті Билл Клинтон, Нобель сыйлығының лауреаты Джеймс Уотсон, Мюррей Гелл-Манн, Википедия энциклопедиясының негізін салушы Джимми Уэйлс, Билл Гейтс секілді аты бүкіл дүниежүзіне белгілі тұлғалар дәрістерімен қатысқан.

TED конференциясы алғаш рет 1984 жылы өтті. Оның ұйымдастырушылары Ричард Сол Вурмен мен Гарри Маркс. Онда Macintosh пен Sony компаниясының компьютері мен  компакт-дискілері таныстырылған. Одан кейін 1990 жылдан бері конференция жыл сайын ұйымдастырыла бастады. 2001 жылы TED ұйымдастыру құқығы Sapling Foundation мен осы қордың негізін қалаушы Крис Андерсонге өткен.

TED конференциясы жыл сайын екі рет: АҚШ-тың Лонг Бич/Палм Спрингс жерінде және Шотландия астанасы Эдинбург қаласында болады. Аталған конференцияларда әлемнің үздік ойшылдары бір ортаға тоғысып, өздерінің ең маңызды ойлары мен әлемдегі көкейкесті мәселелерін айтады (18 минут бойы).

TED конференциясының әр дәрісі TED Talk деп аталады. Дәріскерлердің үздік орындаулары видео нұсқа үлгісінде www.ted.com сайтында жарияланады. Қазіргі кезде сайт дәрістерді ағылшын, орыс және басқа да шетел тілдерінде субтитрмен 1400-ден астам видео қоры жиналған және ол апта сайын толықтырылып отырылады. TED Open Translation Project жобасы бойынша 8000 ерікті адам (волонтер) дәрістерді ондаған тілге аударып жатыр. Сонымен қатар TED Talk-ті YouTube видео хостингісінен көруге мүмкіндік берілген.

TED Prize сыйлығы 2005 жылдан бастап берілді. Алғашында «Әлемді өзгерткім келеді» (wish to change the world) номинациясы бойынша $100 000 көлемінде ақшалай үш сыйақы тағайындалған.

Жеңімпаздар:

2005 жылы — Боно, Эдвард Буртинский, Robert Fischell

2006 жылы — Larry Brilliant, Jehane Noujaim, Cameron Sinclair

2007 жылы — Билл Клинтон, Эдвард Уилсон, Джеймс Нахтвей

2008 жылы — Neil Turok, Dave Eggers, Карен Армстронг

2009 жылы — Sylvia Earle, Jill Tarter, José Antonio Abreu

2010 жылы — Джеймс Тревор Оливер

2011 жылы — JR

2012 жылы — City 2.0

2013 жылы — Sugata Mitra

2014 жылы —Charmian Gooch

TED міндеті – идея тарату, идея аясында тегін білім беретін, ойшылдар ойынан шабыт алатын бір-біріне жақын қауымдастық құру. Идея адамның құлқын, өмірін өзгерту арқылы әлемді өзгерте алады.  Сайт 2007 жылы іске қосылды. 2012 жылдың қараша айында видеолардың қаралу көрсеткіші миллиардтан асты.

Оқи отырыңыз: 

Қазақстанның үздік университеттері

Студент әлемі: Студент алғашқы дәрісте

PR маманы беделді адамға айналудың жолын түсіндірді (Видео)

Әлемдегі жетекші университеттердің тегін онлайн курс сабақтары

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: theairspace.net ,www.mac-reviews.net, TED.com. 

Н. Нұрмаханұлы