Қара нәсілділер үшін күрескен Мартин Лютер Кинг

Қара нәсілділер үшін күрескен Мартин Лютер Кинг
Фото: ©russian.rt.com

Бүгін қара нәсілділердің құқығын қорғаушы, "Менде арман бар" сөзінің авторы, Нобель сыйлығының иегері Мартин Лютер Кингтің туған күні. Осыған орай Мартиннің өмір жолынан деректер ұсынамыз.

Расизм: АҚШ-та нәсілдік кемсіту қалай пайда болды?

Неден басталды?

1954 жылы Алабама штатының Монтгомери қаласындағы 42 жастағы қара нәсілді әйел Роза Паркс автобуста заң бойынша орын босатуды сұраған ақ нәсілді адамға орын бермегені үшін қамауға алынды. Мұнан кейін жас жазушы Мартин Лютер Кинг басқаратын қара нәсілділер тобы қалалық автобустарға бойкот жариялайды.

Нәтижесінде қалалық көлік қатты зардап шегеді. Содан кейін қалалық шенеуніктер Мартинмен келіссөз жүргізуге тырысады. Бірақ ол бас тартады. Қала шенеуніктері қара нәсілділерді автобусқа мәжбүрлеп отырғыза бастайды. Қарсы шыққандарға 1921 жылғы заңды алға тартады. Қара нәсілділер қоғамдық көлікте жүрмегені үшін қамауға алынады.

Біртіндеп қара нәсілділердің құқығы Америка Құрама Штаттарында басты мәселеге айналады және көптеген зиялы қауым қара нәсілділердің құқығын қорғай бастайды. Мартин Лютер болса шерушілердің көшбасшысына айналады. 1963 жылы наурыз айында 200 мыңнан аса адам, негізінен, афроамерикалықтар Вашингтон көшелерінде демонстрация жасады. Олардың алдында Кинг өзінің әйгілі “Менің арманым бар” атты сөзін сөйледі. Оған бірнеше рет қастандық ұйымдастырылады. Әупірімдеп ажалдан аман қалған Мартинге 1964 жылы Нобель сыйлығы беріледі.

1965 жылы АҚШ Конгресі "Сайлаушылар туралы" заңға мемлекеттерге өз азаматтарына сайлау құқығын беру туралы тәуелсіз шешім қабылдауға мүмкіндік беретін түзетулер енгізеді. Штаттарда қара нәсілділерге дауыс беру құқығын береді, ал оларға қойылған түрлі шектеулер мен тыйымдар алынып тастала бастайды.

1968 жылы Мартин Лютер Мемфистегі қонақүйде нәсілшілдер ұйымдастырған қастандықтан қаза тапқанда 39 жаста еді. Оның өлтірілуі туралы көптеген болжам бар. Мартин қара нәсілділер құқыққа ие болғаннан кейін ғасырлар бойы оларға жасалынған әділетсіздіктер үшін 50 миллиард доллар өтемақы талап еткен.

Оның жоспарына сәйкес, бұл ақшаны АҚШ-тағы әрбір қара нәсілді азаматқа тең үлестіру керек еді. Мартинді өлтіргеннен кейін бұл талап күн тәртібінен түседі. Мартин Лютерді атқан Джеймс Эрл Рэй 99 жылға бас бостандығынан айырылады.

Мартинді ақтық сапарға шығарып салуға 100 мың адам жиналған

Бүгінгі таңда Мартин Лютердің есімі Америка Құрама Штаттарында қара нәсілділердің құқығы үшін күрескен батыр ретінде есте қалды.

Т. Раушанұлы