Эрнест Хемингуэй және оның мысықтары

Эрнест Хемингуэй тек әдебиет пен шарапты ғана шексіз жақсы көрді десек, қателесеміз. Өйткені, ол өзінің "Жұмақ бағын" мысықтарсыз елестете алмасы анық. Деректер бойынша, 1945 жылы оның үйінде 23 "ерке" мысық болған.

Уилл - ангор жолбарыстұқымдас мысығы 

Ағылшын жазушысы Мюриэл Спарк бірде: "Белгілі-бір сұрақтың жауабын іздеп, ойды бір жерге жинақтау үшін, әсіресе, жазушылық кәсібінде жанында міндетті түрде мысық болуы керек. Жұмыс бөлмесінде мысықпен оңаша қалсаңыз, ол үстелге мініп алады да жарық астыңда тыңқиып ұйықтай кетеді. Мысық сыйлайтын тыныштық пен беймарал сезім жазушыға әсер етіп, шашыраған ойын бір жерге шоғырландыруға ықпал етеді. Ол үшін тіпті мысыққа қарай берудің қажеті де жоқ, жанында жатқанын сезсең болғаны"— деген еді.

Мэри мысықтарымен Финка Вихия үйінде

Эрнест Хэмингуэйге сөзсіз осы пікірмен келісер еді. Әйтпесе, жазушының үйіндегі осыншама мысықтардың мәнін қалай ұғуға болады?! Жазушының қарындасы өзінің "Хэмингуэйдің мысықтары: сурет-биография" атты естеліктер жинағында жазушы мен оның әйелі Мэри мысықтарды еркелетіп, олардың бар жағдайын жасағанын айтады. 

Вилли мен оның досы Финка Вихия үй жайының терезесінен маймылдарды бақылап тұр

1953  жылдың 22 ақпанында Хемингуэйдің мысықтарының бірі Виллиді көлік қағып кетеді. Атақты романдардың авторы өзінің досы Джанфранко Иванчичке мынадай хат жолдайды:  
"Құрметті Джанфранко,
Саған хат жазып болып, конвертке сала бергенімде Мэри келіп: "Виллиге бірдеңе болды",–деді. Үйден шыққанымда есік алдында әрең демалып жатқан Виллиді көрдім. Оның оң жақ екі аяғы сынған еді — бірі сан тұсынан, екіншісі тізесінен төмен. Оны көлік қағып кетіп, өзге екі аяғымен үйге сүйретіліп жеткен сыңайлы. Оның бірнеше жері сынған, ашық жарақатқа топырақ түсіп, сүйектері еттен өтіп, сыртқа шығып жатты. Ол ауыр тынысы алып, анда-санда пырылдап қояды. Осылайша менің құтқаратыныма сенгенін білдіргендей.  

Ренеден Виллиге сүт беруін сұрадым. Ол сүт ішіп жатқанда, Рене оны сипап отырды. Мен мысықтың басынан атып салдым. Ол қатты қиналмады деп сенемін, сынған аяғы да ауырып мазасын алмайтын болады. Кез келген оңбағанның ата салғаны жақсы еді, бірақ, мен жауапкершілікті өзгенің мойнына арта алмаймын.

Мен бұрындары адамдарды аттым, бірақ ешқайсысын танымайтынмын, ешқайсысын он бір жыл бойына жақсы көрмедім. Оның үстіне, ешқайсысы екі аяғы сынып, мұңды пырылдап жатпады". 

Хемингуэйдің мысықтарға атақты адамдардың есімін беретін әдеті болған. Бүгінгі таңда оның сол мысықтарымен түскен көптеген суреттері сақталған. 

Жазушы мен мысықтары таңғы ас ішу үстінде 

Мысығының ұрпақтары

Уилл

Бойсе атты мысығы жазушы үстелінде

Мысығы Кристобаль мен жазушы

Ауладағы мысықтар
Жары Мэри мен мысығы Бойсе

Бойсе, Кристобаль мен Иззи атты мысықтар

Жазушының аяғының астына оратылған мысық

Жазушы мысықтарының бірі