Ең ұлы нашар оқушылар #2

Ең ұлы нашар оқушылар #2

Ешкім нашар оқушы болғысы келмейді. Тек адамның оқуға деген талабы болмағаннан кейін солай болады. Бұл мектептегі сабақтардың бағасына да қатысты. Жақсы оқу, үлгерімі үздік болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бірақ білімді болу міндетті. Дегенмен аттарынан ат үркетін ғалымдар мен тұлғалардың мектептегі бағалары мәз болмаған. Осының алдында ғана ең ұлы нашар оқушылардың біразын тілге тиек еткенбіз. 

Альберт Эйнштейн
Әлемдегі ең ұлы нашар оқушы – Альберт Эйнштейн. Ол мектеп табалдырығында жүріп сабаққа қарағанда, өмірлік тәжірибені көп жинаған. Көргені көп, білгені мол бала мектеп бағдарламасын түсіне алмаса керек. Бірақ біз айтып отырған А.Эйнштейн – әлемді аузына қаратқан ғалым. 

Антон Павлович Чехов
Сіз орыстың ұлы ғұламасы мектеп баспалдағында жүріп екі рет қатарынан келесі оқу жылына қалғанын білесіз бе?! Тіпті сенудің өзі қиындау.

Александр Сергеевич Пушкин
Бала күнінен зерек болған орыстың ұлы ақыны лицейде оқып жүрген кезінде арифметика пәнінен «екілік» алған. Ол пәнді оқу орнына өлең жазып, әдебиетпен айналысқан.

Людвиг ван Бетховен
Әлемдегі классикалық музыканың патшасы саналатын Бетховен мектепке бармай тұрып нота таныған, бірақ сабақ кезінде есеп шығармақ түгілі, дұрыс жаза да алмаған. Болмысынан әуенге еліткен композитордың болашағы жарқын боларына біреу сенсе, біреу сенбеді.

Дмитрий Менделеев
Химия ғылымының элементтерін зерттеп, «Менделеев кетесі» арқылы аты аңызға айналған Дмитрий Менделеев бала күнінде сабаққа қарағанда төбелескенді жақсы көрген. Тіпті үлгерімі нашар болған. Бірақ табиғи дарынға шекара шектеу бола ала ма?! 

М. Ақан