Қырық ажалдан аман қалған Хемингуэй

Қырық ажалдан аман қалған Хемингуэй
Фото: Books Secrets

Хемингуэй жарақат алған италиялық досын құтқарамын деп австралиялықтар боратқан оқтар мен миналарға тап болған. Госпитальде жатқан кезінде дәрігерлер денесінен жарылғыш заттың 26 түрлі жарықшақтарын алуға мәжбүр болған. Оқ тиген аяғын алюминимен ауыстырып тастаған. Саятшылықта жүріп екі рет өлім аузынан қалған. Тіпті орманда болған өрттің арасында қалып қойып, денесін күйік шалған. Хемингуэй тері өспесін, сібір жарасын, қан аздық, қант диабеті, гепатит сынды түрлі ауруларды басынан өткерген.

Екі үлкен әуе апатынан аман қалған. Бүйректен және жұлыннан зақым алған. Өмірінің соңғы күндері күйзеліспен өткен. Тіпті соңынан қарақолдар түсіп, әрбір басқан ізін, телефонын аңдыған. Күйзелістен шығу үшін оны 13 кезеңге созылған электронды токпен емдеген. Бірақ ем оны есінен адастырып, жазудан қалған. 

1961 жылы 2 шілдеде өзін-өзі атып өлтірді. 

М. Ақан