- Негізгі бет
- Тұлға
- 40-тан кейін де...
40-тан кейін де табысқа жеткен 7 кәсіпкер
Көпшілігі 30 жастан бастап өмірлерін сынға алып, мақтан тұтарлық ештеңе істеп үлгермегендеріне өкініш білдіреді. Санада «уақыт өтіп кетті» деген тынымсыз ой ғана тұрады. Бірақ бұлай болмауы тиіс. Назарларыңызға жас ерекшелігінің еш маңызы жоқ екенін дәлелдеп, 40-тан кейін де бас айналдырарлық табысқа жеткен жандардың тізімін ұсынамыз.
Рэй Крок, McDonald’s негізін қалаушы
Крок танымал кәсіпкер болған, бірақ кәсіпорындарының көпшілігі құрдымға кетіп отырды. 1954 жылы «Макдональдс» лицензиясын сатып алу үшін 15 мың қолма-қол ақша қажет болғанда бірде-бір банк оған кредит беруге келіспейді. Үйі мен сақтандыруын кепілге қойып, қажетті ақшасын табады. «1954 жылы жасым 52-де болды. Менің диабетім мен артитім бар еді. Өт қабымды және қалқанша безінің үлкен бөлігін алып тастаған. Бірақ мен болашаққа сендім», — деп жазады ол «McDonald’s: империя қалай құрылды?» атты кітабында. Осыдан кейін ол әлі 30 жыл өмір сүріп, 600 млн доллар тапты.
Генри Форд, Ford Motor Company-дың негізін қалаушы
Ирландиядан келген эмигранттардың отбасында дүниеге келген, жас кезінде үйінен қашып кетіп, Детройтта жұмыс істейді. 36 жасқа дейін Генри Форд Эдисон компаниясында инженер-механик ретінде жұмыс істеген. Бірінші автомобилін 30 жасында құрастырып, тек 10 жыл өткеннен кейін жеке компаниясын ашады. 1908 жылы Генри Форд 45-ке толған кезінде әйгілі FordT үлгісі шығарылды, осыдан кейін компания да қомақты табыстарға жете бастайды. Бұл туралы ол өзінің «Менің өмірім. Менің табыстарым» атты кітабында жазған.
Мэри Кэй Эш, Mary Kay-дың негізін қалаушы
Нью-Йорктың экс-мэрі, Bloomberg ақпарат агенттігінің негізін қалаушы
Джордж Сорос, әлемдегі ең табысты инвестор
Амансио Ортега, Zara До дүкендер желісінің иесі
Отбасындағы кедейлікке байланысты Амансио орта мектепті де аяқтап үлгермейді, 13 жасынан бастап жейделер дүкенінде жұмыс істеуге мәжбүр болады. 37 жасқа толғанда өз фабрикасын ашады. Алғашында ол әйелі Росалиомен бірге өз үйінің қонақ бөлмесінде әйелдердің іш киімдерін, түнгі көйлектер және халаттар тігетін. Бірде клиент ірі партияға берген тапсырысын қайтарып алады. Бизнесін құтқару үшін ерлі-зайыпты өз бетінше киім сатуға тырысады. Осылайша 1975 жылы Амансио 40-қа толғанда Zorba дүкені пайда болады. Ал 2012 жылы Bloomberg Ортеганы Еуропадағы ең бай адам деп таниды. Оның холдингі әлемге танымал болған Zara, Massimo Dutti, Bershka, Oysho, Pull & Bear, Zara Home, Stradivarius атты брендтерге ие.
Сэм Уолтон, Wal-Mart-тың негізін қалаушы
Ньюпорттағы Сэм Уолтонның қарапайы дүкені 5 жылға дейін еш дағдарысқа ұшырамаған еді. Бірақ аяқ астынан ғимарат иесі жалға беру келісім-шартын ұзартудан бас тартады. Сэм қатты қиналады. 44 жасында бәрін қайта басынан бастауға тура келеді. Ньюпорттан кетіп, әйелі, балаларымен бірге қарапайым ғана Бентонвиль атты қалаға қоныстанып, «Five & Ten Cents» атты дүкеннің негізін қалайды. Осылайша Америкадағы және әлемдегі өз-өзіне қызмет ететін алғашқы супермаркет идеясы пайда болады. Бұл идея арқасында Сэм ең бай адамдардың қатарынан да табылды.
B. ZHAQSYMBET