Алматы жастары кәсіпкер Қуаныш Шонбаймен Бизнес-таңғы аста кездесті

Алматы жастары кәсіпкер Қуаныш Шонбаймен Бизнес-таңғы аста кездесті

2016 жылы 13 тамызда «Болашақ» Қауымдастығы Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесіп, RUMI дәмді палау орталығында Rumi Group-тың басқарушы серіктесі Қуаныш Шонбаймен Бизнес-таңғы асын ұйымдастырды. Басты тақырып: «Білім – ұлылық емес, өсу жолының кезекті сатысы».

Бұл – инновациялық және бизнес алаңдарын қолдауға арналған жоба аясында ұйымдастырылып отырған бірінші іс-шара, негізгі мақсаты – Алматы қаласындағы жастар кəсіпкерлігін дамыту. Бизнес-таңғы асқа «Болашақ» Қауымдастығының мүшелері және Алматы қаласындағы түрлі сала өкілдері – заңгер, қаржыгер, музыкант, журналист, кәсіпкер, экономист – барлығы бас қосты.

Алматы қаласы бойынша «Болашақ» Қауымдастығының директоры Қымбат Бейсекина іс-шараға қатысушылар алдында алғысөз айтып, Бизнес-таңғы асты спикердің өзі Қуаныш Шонбай жалғастырды. Ол мына факторларды тілге тиек етті: «Білімді тек жиып қана қоймай, өзіңнің және басқалардың иігілігі үшін пайдалану қажет. Бизнес тамшылап емес, өзенше ағылуы керек», яғни бизнесті толық күш-жігерің мен уақытыңды жұмсамай дамыту мүмкін еместігін айтты. Сонымен қатар, Қуаныш Шонбай Гай Кавасакидің кітаптарын оқуды ұсынды және өз бизнесін құруда осы кітаптың қағидаларын пайдаланғанынын қоса айтты.

Ал табысқа жету қағидасын мына теңдеумен түсіндірді 2х + 1 = ?
Мұндағы, 2 – табиғи талантыңыз;
х – талпынысыңыз;
+1 – сыртқы таныстардан, жақын-жуығымыз тарапынан көрсетілетін демеу.
Сонда тең белгісінен кейінгі сұрақ белгінің орнында не тұратыны тек өзіңізге байланысты, шексіздік. х-тің мәні, яғни талпынысыңыз артқан сайын, нәтиже де күшейе бермек.

Бизнес-таңғы астың соңында Қуаныш Шонбай мейрамхана бизнесін қалай құру керегін және әр түрлі деңгейдегі жобаларды қалай қаржыландыру жайлы сұрақтарға толық және орынды түсiнiктеме, кеңес берді. Барлық қонаққа қатысқаны үшін сертификаттар табыс етілді.

Бизнес-таңғы астың мақсаты – «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, жас кəсіпкерлердің инновация саласындағы кəсіпқойлармен өзара қарым-қатынасына арналған аумақ қалыптастыру.

Бизнес-таңғы астың ұйымдастырушылары және серіктестері: Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, «Болашақ» Қауымдастығы және RUMI дәмді палау орталығы.

@. @assel_assanova