Мұрат Мұтырғанов әке атанды

Мұрат Мұтырғанов әке атанды
Фото: Instagram.com

22 маусым күні белгілі шоумен Мұрат Мұтырғанов әке атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұрат пен Алеся 2014 жылдың ақпан айында танысты. Біраз уақыттан кейін Мұрат оған өз сезімін білдіріп, үйленуге ұсыныс жасады. 2015 жылдың қыркүйек айында олар неке құрды.

Енді міне, маусым айында Мұтырғановтардың отбасында алғашқы перзент туды. Мұрат алғашында баланың жынысын құпия ұстағанымен, отбасының жақын достарының айтуы бойынша, Алеся ұл тапқан. Оның алдында Мұрат өз инстапарақшасында қобалжып тұрғанын және оқырмандардан қолдау күтетінін айтып, видео салған еді.

Мұратты алғашқыларының бірі болып құттықтаған - өз шәкірті Софи Манасян. Ол: "Жақындарыңның қуанышымен бөліскенге не жетсін! Көптен күткен #‎Muturganovbaby, туған күніңмен! Біз жаныңдамыз, әттең қазір елде емеспіз!" деп өз парақшасына құттықтау жазды. Естеріңізге сала кетсек, Софи бүлдіршін қазір АҚШ-та.

Мұратты әріптестері де құттықтауда:

Данияр Батырбаев: "Мурашка, Алеся, ұлдарыңыздың туылуымен құттықтаймын! Шын жүректен! Ата-анасы, ата-әжесі қызығын көрсін!"

Дана Рыскелдинова: "@muturganov_murat ұлыңның бауы берік болсын! Алеся, жарайсың! Ата-ана атанғандарыңызға ризамын! Жақсы көремін сіздерді!"

Біз де Мұтырғановтар отбасын шын жүректен құттықтаймыз! Бауы берік болсын!

Ф. Абилова