Сара Алпысқызы Instagram әлеуметтік желісінен жеке парақшасын ашты

Сара Алпысқызы Назарбаева  Instagram әлеуметтік желісінен өзінің жеке парақшасын ашты. Оған Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы Сара Алпысқызы отбасымен түскен бірер суретін жариялаған. Парақшада бұрын еш жерде жарияланбаған сирек суреттер де бар. 

Қазір Сара Назарбаеваның жеке парақшасына 1474 қолданушы жазылған.

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ол Қазақстанның қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы. 

Сурет: instagram.com/sara_nazarbayeva