Еліміздің ең қайырымды азаматы анықталуда

Қазіргі кезде, еліміздегі қайырымдылық саласындағы ең айтулы жобалардың бірі болған «Алтын жүрек» сыйлығы жыл сайынғы ұлттық қоғамдық бастамасын іске асыруда. Айта кетсек, бұл ұлттық сыйлық тек елімізде ғана емес, тіпті Орталық Азиядағы теңдессіз іс-шара болып табылады.

Негізгі ұйымдастырушылардың бірі «Бауыржан» қайырымдылық қоры жыл бойы қайырымды және «алтын жүректі» еліміздің азаматтарын іздеумен айналысады. Сондай-ақ, аталған іс-шараға «PetroKazakhstan», Евразиялық топ «ERG» және «Алтын Қыран» компаниясы қолдау білдіріп келеді.

Сол қайырымды адамдардың арқасында үш жыл ішінде республикада білім саласын 40 миллиард теңгемен қаржыландырды. Қазақстандық меценаттардың қолдауымен елімізде 5 мектеп, 7 балабақша салынып, оқушыларға 6 мектеп автобусы пен 22 мектепке оқу жабдықтары сатып алынды. Сонымен қатар, бизнесмендер Қазақстан Республикасының 20 мектебіне оқу жүйесі мен оқушылардың демалыс шараларына қаражат бөлінді.

Бүгін Алматы қаласында «Алтын жүрек» сыйлығының сарапшы кеңесі еліне қамқор азаматтардың бірі болғысы келген 100 қатысушыдан 11 үміткерді таңдап алды. Әзірге нақты кімдердің келесі кезеңге өткені жарияланбайтын болады.

Сарапшы кеңестің құрамында қоғамдағы белгілі азаматтар мен отандық БАҚ-тың өкілдері, спорт шеберлері мен таңдаулы сарапшылар бар.

«Алтын Жүрек-2014» сыйлығын салтанатты түрде ұсыну 27 қазан күні Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтеді. 

Арнайы massaget.kz үшін: Жолдас Өрісбаев

Сурет: massaget.kz