Отандық жұлдыздар ауылға неге барды?

Отандық жұлдыздар ауылға неге барды?

Бұл – "Зияткер ұрпақ" жобасының жоспары. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен Әзірбаев ауылындағы орта мектептен басталған дәрісті белгілі актриса, жекеменшік театр жетекшісі, әнші, продюсер Айгүл Иманбаева жүргізіп, жобаны бастап берген болатын. Айгүлдің дәрісі 4 тақырыптан тұрған: 1. Табыс формуласы. 2. Лидерлік қабілетті дамыту. 3. Уақытты тиімді пайдалану. 4. Кәсіби бағдар. Кенен Әзірбаев ауылындағы №42 Екейбай Қашағанов атындағы орта мектепке тек бұл ауылдың ғана емес, көршілес Отар, Сұлутөр, Гвардейский ауылындағы мектептердің оқушылары да келген. Барлығы 180-ге жуық оқушы Айгүл ханымның дәрісін тыңдаған. 

Бүгін актер Азамат Сатыбалды инстаграмдағы парақшасына: "Қазақстан 2050" жалпыұлттық қозғалысының "Зияткер ұрпақ" жобасы бойынша елге барып қайттым. Керемет кездесу болды, алған әсерімді сөзбен жеткiзу мүмкiн емес. Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданы, Қорағаты ауылы. Өнердегi достарыма эстафетаны бердiм! Елдiң жарқын болашағы үшiн бiрiгейiк, достар", - деп жазды. 

Осылайша отандық жұлдыздар оқу-ағарту ісіне атсалыспақ. Келесі бағыт қай ауыл болар екен?

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: yvision.kz, instagram.com/azamatc, kz2050.kz

М. Оңғарова