Тегінде орыстың қаны бар батыс кино жұлдыздары

Тегінде орыстың қаны бар батыс кино жұлдыздары

ХХ ғасырдың басындағы төңкеріс, ашаршылық пен соғыс жылдары көптеген ресейліктердің шетелге қоныс аударуына себеп болды. Эмигранттардың ұрпағы қазіргі бейбіт өмірде өздерін жақсы жақтарынан көрсетіп, дарындарының арқасында әлемге танылды.

Вайнона Райдер

Актриса Вайнона Райдердің ата-бабасының шын тегі - Томчины. Ол Ресей және Румыния еврей эмигранттарының отбасында дүниеге келген. Вайнонаның інісіне ғарышкер Гагариннің құрметіне Юрий деген ат берген. Актрисаның айтуы бойынша, ол шыққан тегін құрмет тұтады және ата-бабасының Екінші Дүние Жүзілік соғыста көрген азабы жайлы фильм түсірмек. 

Натали Вуд


Голливудтың патшайымы саналатын Натали Вуд ресейлік тегін ешқашан жасырған емес. Актрисаның шын есімі - Наталья Николайқызы Захаренко. Көтеріліс жылдары ата-анасы Харьковтан Владивостокқа қашады, ал кейін Қытайға. Ал сол жақтан - Сан-Францискоға. Дәл сонда 1938 жылы Наталья дүниеге келген.
Актрисалық жолын, орыс инженері мен ақсүйек әйелдің қызы төрт жасынан бастайды. Оның қатысуымен түсірілген - «Вестсайдские истории», «Большие гонки» фильмдері әлемдік кино қорына енген. Натали Вуд Голливудтың ең әдемі, даулы және жұмбақ актрисасы болып есте қалды. Ол 1981 жылы көз жұмды. Оның өлімі әлі күнге дейін ашылмаған құпияға толы.

Робер Оссейн


Анжелика жайлы кино-эпопеяда Жофрейя ролімен танылған француз актері Робер Оссейн Францияда туылған. Алайда негізінде Оссейн – Самарқанд тумасының, композитор Әминұлы Гуссейнов пен киевтік Анна Мневскаяның ұлдары. Олар Ресейден төңкерістен кейін бірден көшіп кетеді. Робердің бірінші әйелі этникалық славян қызы Марина Влади болады. Ал ұлдарына Петр және Игорь орыс аттарын береді. Өткен онжылдықтардың тартымды актерінің сүйікті тағамы қара нан мен тұздалған қияр болған.

Харрисон Форд


Харрисон Фордтың анасын кішкентай кезінде Дора Нидельман деп атаған (кейін Доротиге ауыстырып алады). Оның анасы Анна, Фордтың әжесі Минсктен 1907 жылы көшіп кетеді.
Харрисон Форд ең алғаш ата тегінің жеріне жеті жыл бұрын, Мурманскіде «К-19» фильмінің түсірілімі кезінде аяқ басқан.

Леонардо Ди Каприо


Миллиондардың кумирі актер Леонардо Ди Каприоның тегінде де славяндықтардың қаны бар. Леонардоның әжесінің аты Елена Смирнова. Көтерілістен кейін ата-анасы оны туған жері Одессадан Германияға алып кетеді. Кейін ол күйеуімен бірге АҚШ-қа қоныс аударады.

Мила Кунис



Танымал актриса және Эштон Катчердің қалыңдығы Мила Кунис Украинада туылған. Черновцыда оның анасы мектепте физикадан сабақ берген, ал әкесі Черновцы зауытында жұмыс істеген. Кунис жетіге толғанда олар АҚШ-қа қоныс аударады. Мила Маркқызы Кунистің отанында атасы мен апасы қалды. Ол олар жайлы жиі еске алып, уақыты болғанда барып тұрады екен. 

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina