Кофеден жасалған шыныаяқ

Кофеден жасалған шыныаяқ
Фото: kaffeeform.com

Шыныаяқты кофеден де жасауға болады десем, сенесіз бе? Сенуге тура келеді. Себебі, кофе өнімдерін жасайтын Kaffeeform компаниясы кофеден шыныаяқ жасап шығарған. Оның құрамында ұнтақталған кофе мен басқа да қоспалар бар.

Шыныаяқтарды қалыпқа келтіру үшін мамандар бес жыл уақыт жұмсаған. 

Олардан нағыз кофенің исі шығады екен. 

Компания қызметкерлері бұл шыныаяқтарды кофені толық игеру үшін тамаша мүмкіндік деп есептейді. 

Е. Жұмабайұлы