Массагет порталы жас жұбайларға арналған фотобайқау жариялайды

Массагет порталы Ғашықтар мерекесі қарсаңында оқырмандар арасында "Той үстінде тәтті күндер..." атты  фотосуреттер байқауын жариялайды. Барлықтарыңызды жаңа жобаға қатысуға шақырамыз!

Байқаудың басты мақсаты – Қозы мен Баяндай жұптасқан екі жастың ақ адал сезімдері, риясыз махаббаттарымен үлкен өмірге қадам басқан күні (той күні) түскен керемет суреттерін жинастырып, еліміздің ең жарасымды жұбын анықтау.

Байқаудың жалпы ережесі:

♦ Байқауға 30 жасқа дейінгі жас жұбайлар қатыса алады.

♦ Фотосуреттер тойда түсірілген болуы тиіс (үйлену той, қыз ұзату)

♦ Сурет артқы фонмен үйлесімді болуы қажет және саны 4-5-ден аспағаны жөн.

♦ Әр суреттің атауы болуы қажет (Сурет атауы суреттің тақырыбын айқын ашып бере алуы керек)

♦ Фотосуреттер 2015 жылдың 13 сәуіріне дейін қабылданады.

♦ Байқау жеңімпаздары 15 сәуір – Ғашықтар күнінде жарияланады.

Байқау жеңімпаздары:

1-орын (біреу)
2-орын (екеу)
3-орын (екеу)

Байқауда жеңімпаз атанған жас жұбайлардың суреттерінінен фоторепортаж жасалып, сайтымызда жарияланады. Жеңімпаздарға бұдан бөлек, Massaget.kz сайты дайындаған арнайы сыйлықтар табысталады. Байқау жеңімпаздарын Массагет порталының тілшілері анықтайды.

Жеңімпаздарды анықтауда:

Суреттің сапасына, ерекшелігіне және жоғарыда атағанымыздай суреттің атауы мен артқы фонмен әдемі үйлесуіне баса назар аударылады. 

Бәйгеге ұсынылатын фотосуреттер massaget.kz@gmail.com электрондық мекенжайына "Той үстінде тәтті күндер" тақырыбымен жолдануы тиіс.

Байланыс телефондары: 8-(727)-388-81-19, 8-(727)-388-81-18

Сурет: ©Роман Еникеев