Жігітпен айырылысқан соң әлеуметтік желіде жазуға болмайтын сөздер

Жігітпен айырылысқан соң әлеуметтік желіде жазуға болмайтын сөздер

Айырылысуды бастан кешірген заманауи қыздар әлеуметтік желілерде сүйіктісіне арнап жанға батарлық сөздер жазып, эмоционалды түрде қайта-қайта бұрынғы жігітіне оралады немесе көпшілікке өзінің қалай қайғырып жүргенін көрсетіп, аяушылық, түсіністік пен қолдаудан үміттенеді.

Бірақ бұл қажет пе? Біз – қажет емес деп жауап береміз. Төменде ажырасудан кейін әлеуметтік желілерге жазуға болмайтын сөздердің бірнеше үлгісін ұсынып отырмыз:

- Жоқтау

Әрине, қайғырған соң жылап алуда тұрған ештеңе жоқ дейтін шығарсың? Бірақ бұл саған және сенің имиджіңе нұқсан келтіреді, әрі бұл статусыңды бұрынғы жігітің көре ме, жоқ па, маңызсыз. Айтпақшы, еркектер әдетте мұндай статустарды оқымайды.

- "Сағындым!"

Егер оның қайтып келгенін қаласаң, онда мұндай пікірлермен бұрынғы жігітіңнің бойында сені басқарып отырғандай сезім тудырасың және ол мұны пайдаланғысы келмеуі де мүмкін.

- "Сенсіз өмір жоқ!"

Мұндай жазбалар оны сезіміңді жер етуге ғана итермелейді. Сондықтан сезіміңді мұндай аяушылық формада жеткізбе.

- Қыдырып жүрген және басқа жігіттермен түскен суреттер

Бәлкім, сен оны жай ғана қызғандырмақ шығарсың, бірақ нәтижесінде бұл оның бойында саған деген агрессиялық сезім тудырады. Бұл тым жасанды әрекет екенін ол ғана емес, достарың да сезеді.

- "Оралшы, менің, сүйгенім!"

Егер жігіт қарым-қатынастарыңа нақты нүкте қойса, онда ешқандай жалбарыну оның ойын өзгерте алмайды. Қайтып келуді ойласа, ол сен сұраған соң емес, өзі шешкен соң қайтып келеді. Ал мұндай жалбарынулармен сен керісінше өз құныңды ел алдында, оның алдында түсіресің.

- Бұрынғы жігітіңе деген агрессия

Айырылысудан кейін сезімдерің мен эмоцияларың ауытқу үстінде және бұл қалыпты құбылыс. Бірақ егер оған жаман сөздер жаудырып, қарғыс айтып отырсаң, бетпақ қыз атағына ие боласың. Егер оған деген жеккөрініш сезімің бойыңа сымай, жұртқа естірте жамандағың келсе, тым құрығанда мәдениетті сөздерді таңда.

Сурет: rodonews.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Оқи отырыңыз:

Айрылысудың ең жақсы жолы...

A. Mustafina