- Негізгі бет
- Отандасыңды оқы
- Мұқағали мұрасы (арнау)...
Мұқағали мұрасы (арнау)
Осыған дейін 1-ші тамыздан 15-ші қазанға дейін Қазақстанда балалар әдеби байқауы өткізілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз. Байқауға қатысуға қазақстандық мектеп оқушылары мен 18-ге толмаған кәсіби оқу орындары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары шақырылады.
Екінші халықаралық «Полифония» әдеби фистивалінің шеңберінде өтетін «Балалар әдеби конкурсы - 2015» байқауына қатысуға ниет білдірген Райс Жандос Еркешұлының туындыларын назарларыңызға ұсынамыз.
Тылсым сәуле ғайыптан аймалаған,
Санасы сыңар күткен айналадан.
Мұқағали - марқасқа мұңылығым,
Ей, қара жер, көк аспан, қайда бабам?!
Сол Мұқаңның сезінсең құдіретін,
Өсиетіне ұрпағы үңілетін.
Аузындағы ақылын ат көтермей,
Бесті атанның белі де бүгілетін.
Бітіріп бір өзгеше баққа да рай,
Жол нұсқап арман, үміт жаққа қарай.
Дүниеде дүбәрә дүрмекке ермей,
Поэзия шыңынан шашқан арай.
Ізгілік пен бақыттың қанатында,
Игілердің ілгері санатында.
Мұқағали мұрасы миллиондарға,
Дара тарих, дара шың, дара тұлға.
Жырлары төрде отырған малдас құра,
Халқымның тағдырымен жалғас мұра.
Оқи берсең ұлының ұлылығын,
Шөліркеген көңілім қанбас, сірә!...
Өзің, достым, Мұқаңды білесің бе?
Керегі жоқ мадақтау бұл есімге.
Білмегеннің иісі қазақ емес,
Хақы жоқ көшімізге ілесуге!
Шығармалар мен байқауға қатысуға өтініштер litshkola@gmail.com электронды поштасына қабылданады.
Қ. Бүйенбай