Мағжаннан қалған мол мұра

Мағжаннан қалған мол мұра
Фото: коллаж

Белгілі ақын Мағжан Жұмабаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы "Шолпан" татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында басылып шығады. 

1923 жылы Ташкентте "Педагогика" атты кітабы жарық көрген. Сонымен бірге 1928 жылы Мәскеуде төменгі сынып шәкірттеріне арналған "Сауатты бол" атты оқулығы шығады. 

1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді.

Бүгін назарларыңызға ақынның кітаптары мен ол туралы жазылған туындылардың бір парасын ұсынуды жөн көрдік. Ескере кететін бір жайт, Мағжанның төменде көрсетілген кітаптардан бөлек тағы да көптеген кітабы жарық көрген.

Жұмабаев М.

Ж 81 Көп томдық шығармалар жинағы. 1- том. Өлеңдер, дастандар, əңгіме. – Алматы: Жазушы, 2008. – 208 бет

Ақын шығармалары көп томдығының бірінші кітабына өлеңдері мен дастандары, əңгімесі еніп отыр. Мағжанның көзі тірісінде жарық көрген жинақтары мен кейінгі жылдары шыққан басылымдары негізінде салыстырылып, мəтіндік «өңдеу-жөндеуге» ұшырағандары, қысқарып кеткен тұстары қалпына келтірілді.

Жұмабаев Мағжан

Ж 81 Көп томдық шығармалар жинағы. 2 – том. Өлеңдер, дастандар, аудармалар. – Алматы: Жазушы, 2008. – 208 бет.

Ақын шығармалары жинағының екінші томына өлеңдері мен дастандары жəне бірқатар поэзиялық аударма туындылары енді.

 

Жұмабаев Мағжан

Ж 81 Шығармалар жинағы. 3 – том. Аудармалар, ғылыми еңбек, мақалалар. – Алматы: Жазушы, 2005. –232 бет

Қазақтың арыс ұлдарының бірі Мағжан Жұмабаевтың шығармалар жинағының бұл томына оның аудармалары, «Педагогика» атты ғылыми еңбегі, мақалалары енгізілді.

 

Жұмабаев Мағжан

Ж 87 Сүй, жан сəулем. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Атамұра, 2002. – 256 бет.

Жалғыз қазақ емес, күллі Тұран жерінен шыққан түркі текті халықтардың мақтанышына айналған көзі тірісінде-ақ мəңгілік сөнбес Шолпан жұлдызындай жарқырап шыққан Мағжан ақын жырлары уақыт өткен сайын соны қырынан танылып, жаңа да жас оқырманын тауып отырары сөзсіз. Қалың жұрт ұзақ жылдар көз жазып қалған қазақтың ұлы ақынның бұл кітабына əр жылдары жазылған өлеңдері мен поэмалары топтастырылды.

 

Жұмабаев М.

Ж 80 Жан сөзі: Өлеңдер мен дастандар. – Алматы: Раритет. 2005. 256 бет. - «Алтын қор» кітапханасы.

Қазақ лирикасында «Абайдан соңғы əдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шəкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ... Орыстың бейнешілдігін қазаққа аударды, өлеңді күйге айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, сөзге жан бітірді...» М.Жұмабаевтың ақындығы жөнінде бұдан сексен екі жылдай уақыт бұрын Жүсіпбек Аймауытов айтқан осы пікір-байлам қазір де өз ақиқатын жоғалтпағанына мына кітапты оқыған адамның көзі анық жетеді.

 

Жұмабаев Мағжан. Тандамалы: (Өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аудармалар).- Алматы: Ғылым, 1992.- 272 бет

Бұл кітапқа Мағжанның таңдамалы шығармалары енгізіліп отыр. Осылардың ішінен оның 1922 жылы жеке кітап болып басылып шыққан « Педагогика» атты зерттеуін атап өтуге болады. Жинаққа, сондай-ақ, ақынның əр жылдарда жасаған көркем аудармалары да енгізілді. Сөйтіп, мұнда М.Жұмабаев творчествосының барлық саласы түгел қамтылады дей аламыз. Кітап сөз өнерін қадірлейтін көпшілік қауымға арналған.

 

Ол туралы ой – пікірлер:

Ж.Аймауытов. Мағжанның ақындығы туралы. \\ Дала даналары. – Алматы: Қазақстан даму институты, 2001. – Б.555-581 Т.Садықов.,

 

 

 

С.Қасымжанова. Мағжан. \\ Қазақ. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы: Білім. – 1994.- Б.

 

 

 

159-168 Мағжан Жұмабаев. \\ Қазақ поэзиясының антологиясы. (ХХ ғасырдың бас кезі) – Алматы: Ғылым, 1992. – Б.367 -374

 

 

 

Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына жүз жыл. \\ Ақ Орда. – 1993. - №1. –Б.41-49




Рымғали Нұрғали. Сүй, жан сəулем, тағы да сүй, тағы да. \\ Қазақ əдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана, Күлтегін баспасы. -2002. –Б.94 - 106 Рымғали Нұрғалидың бұл кітабында ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің Ахмет, Алихан, Мағжан, Міржақып, Мұхтар, Сəкен, Ілияс, Сəбит, Ғабит сынды алып тұлғаларының шығармашылық тағдыры ұлттық рухтың бейнелену деңгейі тұрғысынан жаңаша зерттелген.



Мағжан Жұмабаев. \\ Г.С.Умарова., С.Ғ.Шарабасов. Қазақ əдебиетінің тарихы: Оқулық.-Астана: Фолиант, 2007. –Б.162-167




Р.Нұрғали. Сүй, жан сəулем, тағы да сүй, тағы да. \\Толғауы тоқсан қызыл тіл. Зерттеулер. – Алматы: Үш Қиян. – 2009. Б.58-64




Ш. Талап