- Негізгі бет
- Отандасыңды оқы
- Мәңгілік рух, өшпес...
Мәңгілік рух, өшпес даңқ (эссе)
Осыған дейін 1-ші тамыздан 15-ші қазанға дейін Қазақстанда балалар әдеби байқауы өткізілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз. Байқауға қатысуға қазақстандық мектеп оқушылары мен 18-ге толмаған кәсіби оқу орындары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары шақырылады.
Екінші халықаралық «Полифония» әдеби фистивалінің шеңберінде өтетін «Балалар әдеби конкурсы - 2015» байқауына қатысуға ниет білдірген Сиратоллина Ақерке Қамбарқызының эссесін назарларыңызға ұсынамыз.
«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»
Әрбір адам, мейлі, ол жазушы болсын, ақын болсын, не әнші болсын өзінің асқан бір сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Әрине, ол өзіне әлдеқайда ыстық та ерекше болып көрінеді. Сондай бір тебіреністе жазылар шығарманың біреуі, әрине туған жерің, елің туралы болмақ... Міне, бүгін де осындай тәуелсіз Қазақ елінің азаматшасы мен де өз елім жайында тебіреніп, сыр шертсем деймін..
Иә, біздің ел не көрмеді, басынан нені өткермеді?! Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отыр елім, шүкір!
Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің құрылуы міне, осы уақытқа дейін еш кемшіліксіз сақталып келе жатырғаны өтірік емес. Алайда, бізді «ҚАЗАҚ» деп, ертеден-ақ ешкім мойындай салған жоқ. КСРО-ның құрамында да, Ресейдің бодауында да болып, неше түрлі қайғы-қасіретті бастан өткерді, қайран қазақ?! Сорақы соғыс та, дүлей ашаршылықта еліміздің санын да азайтты, күшін де кемітті, қайратын да жасытты, сонау бір жылдары... Оның біреуін де көрмеген біз қандай бақытты ұрпақ едік!.. Қолдан жасалған ашаршылықтың өзі қаншама қазақты қырғанымен қоймай, бір-біріне жауыз, ашкөз жәндіктей қылып, ойыншық қылды емес пе?! Аш қалған қазақ ашкөзденіп неше түрлі сорақы істерге дейін барды. Әйтеуір қазақты тыныш қалдырмады. Бар қиындықты біздің елге төндірді әкеліп. Соның бір үлкен дәлелі Ұлы Отан соғысы еді ғой... Қазақ азаматтары Москва үшін шайқас, «Шегінерге жол жоқ, артымызда Москва!» деп жандарын бәйгеге тікті. Әрине, Отан үшін бар жандарын қиып, бізге осындай тәуелсіздікті қанмен алып берді. Осындай өр бабаларымыздың арқасында, жарқын болашақта жайдары ұрпақтар өмір сүрудеміз! Ержүрек, батыр бабаларымыздың арқасында. Олар Отан үшін, халық үшін, жеңіс үшін бар жандарын аямай, болашақ ұрпақ үшін өз жүректерін өлімге берді де, бізге күн нұрын шашып тұратын әдемі өмірді тастап кетті! Рахмет, сендерге, бабаларым...
Соғыстың сұрапыл жылдары.. Ауыл сұр тартқан, жайдары халық жоқ, бірақ жандарын шүберекке түйіп, біреу әкесінің, біреу жарының, біреу ағасының аман келуін Алладан тілеп жүрген бір-бір қыз, әйел, Ана. Әр шаңырақтың отын өшірмеу үшін, аты өшкір, жауыз фашистерден қазақ жеңілмеу үшін ерлердің жұмысын ешбір қиындықсыз, жандары шыдамай бара жатса да үнсіз тындырып жүре берді, қайран әйел-Аналар! Қара қағаз келсе ауыл болып күңіреніп, бір адамдай қасіретін шекті де, қуанышқа да ортақтасты. Қиын кезең болса да, оның өтіп кетеріне сеніп, тынымсыз еңбек ете берді. «Жеңіс!» деген күш-қайрат беретін сөзді іштей қайталап, сол нұрлы жеңіс үшін талмай жұмыс жасады. Міне, осының бәрінің арқасында, бір-бірінің демеуіне сүйенген, қайран қазағым, жеңіске жетті! 1945-тің 30 сәуірінде қайсарлықпен Р.Қошқарбаев Рейхстагқа барып жеңістің туын тікті! Мұны жасаған қазақтың батыры еді. Бұдан кейінгі жылдарда да Тәуелсіздік үшін болған көтерілісте де жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздігіне де қолын жеткізді. Бұл күн біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас, асқан бір мейрам да болды, қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды. Бұлт артынан күн шығады деп қазақ барлық қайғыны ұмытты да, осы күнге шүкірлігін айтты...
550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай, қайғы көрсек тереңіне батып кетпей, қуанышқа асып-таспай бүгінгі күнге аман-есен жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт! Осындай бақыт басқа елге болмаса да бізге бұйыруы керектігі өте әділетті деп білемін. Осыншама қасіретті өткеріп, біздің де бақытты болуымызға құқымыз молынан шығар...
Қайсар да жаны жайсаң, батыр да ержүрек, батыл да ақкөңіл бабаларым, даналарым, Аналарым! Осындай бақытты да шаттықты, мөлдір де тұнық, жайдарлы да шуақты өмір үшін, бедерлі де айқын болашағымыз үшін сіздерге мың да бір алғыс! Осынау үлкен мейрамның қарсаңында, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы және Ұлы Отан соғысының аяқталып, Жеңіс туын көтергенімізге 70 жыл толуының тұспа-тұс келіп, үлкен мейрамға жалғасып жатырғаны сіздерді де қуантқан шығар! Біз де бақыттымыз! Осындай қан мен тердің араласып, жан мен рухтың арпалыса жүріп келген қымбат та құнды Жеңіс және Тәуелсіздік ұғымын ардақтап, алақанымызда аялап, өскелең ұрпаққа еш мінсіз тапсыратынымызға сенемін! Сіздердің есімдеріңіз ешқашан да ескірмейді, мәңгілік рух болып жадымызда сақталасыздар, өшпейтін даңқ болып жүректе жатталасыздар! Елінің қадірін білетін біздейін жарқын ұрпақ тұрғанда «Жеңіс» ұғымының жоғалмайтынына сеніңіздер, даңқы өшпейтін, ержүрек бабаларым!
Қазақ деген ұлы ел бар әлемде,
Біз сол елдің ұланымыз, қазақпыз!
Еркін елміз бағынбайтын және де –
Тәуелсізбіз, бодандықтан азатпыз!
Құдіретті Ана тілім – төрімде,
Таусылмасын оның құны ешқашан.
Ту желбіреп қазағымның көгінде
Әнұраным ойнап тұрсын әрқашан!
Ұрпақтарың сенімдерді ақтар шын,
Қазақ үшін сендер – ұлы асқар шың!
Қайсар жүрек, батырларым сендердің –
Мәңгілік рух, өшпес даңқың сақталсын!
Шығармалар мен байқауға қатысуға өтініштер litshkola@gmail.com электронды поштасына қабылданады.
Қ. Бүйенбай