Назарбаев университеті - жастардың арманы

Назарбаев университеті - жастардың арманы

Сипаттама: еліміздің ең ерекше оқу орны - Назарбаев университеті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған жаңа университет. Университет миссиясы - Қазақстанда білім мен ғылыми-зерттеу қызметінің дамуына мүмкіндік беру, сонымен қатар Астананың Еуразия орталығында зерттеу және білім беру орталығын қалыптастыру. 

Университет өзіндік білім стандарттары бойынша жұмыс істейді. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған атақты профессорлар дәріс береді. 

Жатын орын мен тамағы: студенттердің университет жатақханасында жайлы тұрулары үшін барлық қажетті жағдай жасалған: жиһаз, Интернетке кіру, кір жуатын орын, сабақ оқуға арналған бөлмелер бар. Бұл оқу орнында тек мемлекет тарапынан тағайындалған грант иегерлері оқитындықтан, негізінен жатын орын мен тамақтану тегін (күніне 4 рет). 

Оқуға түсу: талапкерлер университет алдындағы дайындық бағдарламасына түсу үшін тапсырылатын емтихандарға тіркелу онлайн сауалнамасын толтырулары қажет.

Назарбаев университетіне қабылдану мына кезеңдерден тұрады: 

I. British Council English Proficiency Test (BCEPT);

BCEPT емтиханына British Council (Британдық кеңес) әкімшілік етеді. Аталған BCEPT емтиханын тапсыру үшін талапкерлерде өздерімен бірге мынадай құжаттары болуы керек:  

а. Жеке куәлік немесе паспорт түпнұсқасы (көшірмелер қабылданбайды);

ә. Білім беру ұйымы директорының (деканының) қолы мен мөрі бар орташа балы 4.0-ден кем емес ағымдағы жыл ішіндегі соңғы екі тоқсанды қамтитын табельдің немесе сынақ кітапшасының көшірмесі.

II. Ағылшын тілінде  өткізілетін Subject Entrance Test (SET) (Пәндік тест);

BCEPT емтиханынан өткен талапкерлер University College London (UCL) өткізетін Subject  Entrance Test (SET)-ке шақырылады.

Мектеп таңдауына байланысты үмтікерлер төменде көрсетілген пәндер бойынша сынақтан өтеді:

Жалпы пәндік емтиханнан өту баллы 50% (минимум), ал әрбір пән бойынша 43%-дан кем болмауы тиіс.

Инженерия мектебі (екі жұптың біреуі) - Математика және физика/Химия және биология

Ғылым және Технологиялар мектебі (екі жұптың біреуі) - Математика және физика/Химия және биология

Премедицина бағдарламасы - Химия және биология

Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебі - Сыни ойлау және математика

III. IELTS емтиханы

Ресми және мерзімі бойынша жарамды TOEFL(PBT/ iBT) немесе IELTS сертификаттары бар талапкерлер IELTS емтиханынан босатылады.
 
TOEFL (PBT/iBT) және IELTS  емтихандарының ең төменгі өту балдары: 

Инженерия, Ғылым және Технологиялар мектептері мен Премедицина бағдарламасы үшін: TOEFL(pbt) - 530, TOEFL(ibt) - 71; IELTS - 5.5

Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебі үшін: TOEFL(pbt) - 550, TOEFL(ibt) - 79-80; IELTS - 6.0

Толық ақпаратты nu.edu.kz  сайтынан алуға болады.

Форумда талқылау

Суреттер voxpopuli.kz сайтынан алынған


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар