- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Ұшақта ұялы телефонды...
Ұшақта ұялы телефонды қолданбауымыздың басты себебі неде?
Қай жерде жүрсек те қауіпсіздік ережелерін сақтап, басшылықтың талаптарын орындауға міндеттіміз. Тіпті, әуе әлемінде де. Олай дейтін себебіміз, ұшаққа отырған сәттен бастап, экипаж мүшелері қауіпсіздік белбеуін тағып, ұялы телефондарымызды өшіріп, қалтамызға салып қоюымызды сұрайды.
Ертеректе, бұл ұшақтың радиотолқындарды еркін қабылдауына кедергі келтіреді деп тыйым салынған-ды. Ал мамандар бұл тек ескі қалта телефондары мен ескі ұшақтарға қатысты дейді. Егер шынымен де, үлкен қауіп төндірсе, ұшаққа кірер сәтте ұялы телефондарымызды жинап алып, әуе әлемін шарлап, есіктен шығарда қайта қолымызға ұстатып жіберер еді. Бірақ, қалай десек те бұл да негізгі себептердің бірі болып қала бермек. Алайда бұл мәліметтерді оқығаннан кейін, сонда ұшақ ішінде ұялы телефондарымызды қолданбауымыздың ең басты себебі неде деген сұрақтың қылаң берері анық. Жауабы: «жаман айтпай жақсы жоқ» демекші ұшаққа қандайда бір қауіп төніп, апатты жағдайға тап болғанда, сіз қолданып отырған ұялы телефоныңыз қолыңыздан сытылып шығып екінші бір жолаушыны жарақаттауы мүмкін. Яғни, бұл да қауіпсіздік белбеуін қаттырақ тағып отырудан да маңызды.
Оқи отырыңыз:
1. Бұл 219 секунд өмірге көзқарасыңызды өзгертеді
3. Британдық басылым Шыңғыс ханды қазақ деп атады
4. Қазақ халқының туыстық атаулары
Сурет: im2.asset.yvimg.kz
Е. Жұмабайұлы