Британдық басылым Шыңғыс ханды қазақ деп атады

Британдық басылым Шыңғыс ханды қазақ деп атады

Британдық танымал The Guardian басылымы: "Посткеңестік әлем: сіздерге 15 мемлекет туралы не білу қажет" деген тақырыппен бұрынғы Кеңес одағы елдері туралы материал жариялады. Бұл туралы nur.kz сайты басылымға сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстанды сипаттаған тұста БАҚ елдегі ең танымал тұлғалар қатарына ұлы император деп Шыңғыс ханды және ойдан шығарылған кейіпкер деп Боратты қосқан.

"Қазақстан – Орталық Азиядағы көркейіп келе жатқан мемлекет. Жылдық экономикалық өсімі - орта есеппен 10 пайыз", - деп жазады The Guardian.

Сондай-ақ, басылым соңғы жылдары Қазақстанда байлар мен кедейлер арасының алшақтап бара жатқанын да жазған.

Ал Өзбекстанның танымал тұлғалары қатарына тек Гүлнара Каримова жазылса, Арменияның танымал жұлдызды деп БАҚ америкалық әнші Шерді қосыпты.

сурет: www.azattyq.org

Е. Қайрахан