- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Лавадан арал қалай...
Лавадан арал қалай қалыптасады? (Видео)
Гавай аралдарының біріндегі Килауэа жанартауы 1983 жылдан бері жыл сайын атқылап келеді. Лава жер бетіне шыққаннан кейін аралдың оңтүстігіне бағытталып, мұхитқа құяды. Нәтижесінде аралдың аумағы арта түседі екен. Кавика Сингсон (Kawika Singson) есімді гавайлық фотограф өмірін қатерге тігіп, қауіпті табиғи құбылысты жақыннан тамашауымызға мүмкіндік жасаған.
Жүрек жұтқан фотограф 8 ай бойы түсірген видеоларын жинақтап, қызықты көріністі көпшілік назарына ұсынды. Кавика қызып тұрған лава атқылай бастаған кезде мұхит толқыны кедергі болатындықтан, түсірілімді ымырт түскенде, яғни мұхит толқыны саябырситын кезде жүргізген. Ол видео да ыстық лаваның суға түсіп салқындауын, сосын аралдың бір бөлігіне айналуын толық көрсетеді.
«Килауэа» атауы гавай тілінен аударғанда «ашулы» деген ұғымды білдіреді. Оның биіктігі 1247 метр болып, Гавайдағы ең үлкен Мауна-Лоа жанартауының қасында орын тепкен. Килауэа ғаламшарымыздағы ең жас жанартаулардың қатарына кіреді. Және ол қазіргі кезде ең белсенді жанартаулардың бірі саналады.
Расында Килауэа 1983 жылға дейін "ұйқыдағы жанартау" есебінде болған. Сол жылдан бері белсенділік танытқаннан кейін Килауэадағы «Гавай жанартаулары» ұлттық бағының құрамына енген.
Сурет: daypic.ru
Оқи отырыңыз:
Әлемдегі ең қауіпті төрт жанартау
Санторини жанартауы ояна бастады
Ж. Өрісбай