- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Көне пирамидалар қай...
Көне пирамидалар қай елдерде орналасқан?
Пирамиданы елестеткенімізде бірінші Мысырдағы әйгілі үш пирамида мен Мексикадағы оның аналогы ойымызға келеді. Дегенмен пирамидалар салынған аймақтар мұнымен шектеліп қалмайды.
2006 жылы Боснияда алты үлкен пирамида табылған. Бұл Еуропадағы ең көне пирамидалар болатын. Кейіннен бұрын-соңды белгісіз болған көне сәулет өнерлерінің Италия, Испания, Хорватия, Словения, Греция, Түркия, Англия, Франция және Сербияда бар екені анықталады. Сондай-ақ, 2008 жылы еуропалық ғалымдар бірнеше жылға созылған экспедиция аясында Қытайдың Сиань қаласынан 100-ден астам ақ пирамиданы табады.
Мысырдың Гиза қаласында бой көтерген пирамидалар – бүкіл әлемнің назарына іліккен ең танымал көне құрылыстар. Бірнеше мыңжылдықтар тарихын өзінде құпия сақтап келе жатқан пирамидалар туралы қазіргі таңда да адамдар көп біле бермейді. Сол үшін де ғылымда египтология саласы жолға қойылған.
Судан
Египетке Судан елі көрші болғаннан кейін Мероэ пирамидаларының құрылысын да мысырлықтар салған деп ойлауымыз мүмкін. Расында бұл екеуі екі түрлі уақытта және әртүрлі технологиямен салынған. Судандағы құмға көміліп кеткен пирамидалар патшалардың зираты болғанымен, оны Куш империясындағы құлдар салады. Бүгінге дейін Мероэ пирамидаларының 50 данасы аман жеткен.
Канар аралдарындағы пирамидаларды әйгілі норвег саяхатшысы Тур Хейердал алғаш рет тапқан. Тенерифе аралындағы көне құрылыстың маңында жергілікті гуимар халқы өмір сүрген болса да, олар белгісіз пирамидаларға қызығушылық танытпаған екен. Хейердалдың ғылыми болжамына сенсек, Гиза пирамидаларына ұқсамайтын сәулет өнерін гуанчи деп аталған аралдың көне тұрғындары салған. Тенерифеде жалпы бір-біріне жақын салынған 6 пирамида табылған.
Үндістан
Үндістанда пирамида пішіні кейпінде салынған ғибадатханалар көп. Солардың ең үлкені – Брихадешвар ғибадатханасы. Оның биіктігі 60 метрден асады. Көне үнді мифологиясындағы үш негізгі құдайдың бірі Шиваға арналып салынған ғибадатхана құрылысы шамамен Х ғасырға жатады.
Қытай
Индонезия
Шри-Ланка
Камбоджа
Ж. Өрісбай