- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Жолы болғыш әйел...
Жолы болғыш әйел немесе лотореядан миллионер атанған математик
Жолы болғыш жандар жанымызда да кездеседі. Сәттіліктің серік болғанын бәріміз де қалаймыз. Алайда америкалық Джоан Гинтер секілді жолы болған жанды жолықтырмаған шығармыз.
Джоан Гинтер әлемдегі ең жолы болғыш жан саналады. Сәттілігінің арқасында оның есімі түрлі рекордтар кітабына да енген. Америкалықтың лоторея ойындарында төрт рет жұлдызы жанған. Төрт рет болғанда да аз көлемдегі қаржы емес, миллиондап ұтқан.
Америкалықтың лотореядан тапқан табысы 20,4 миллион долларды құрайды. Алғаш рет 1993 жылы 5,4 миллион доллар табысқа кенелген. Араға 13 жыл сала тағы 2 миллион доллар ұтқан. 2008 жылы – 3 миллион, 2010 жылы 10 миллион доллар ұтқанда жұрт оны алаяқ деп те ойлаған. Ал шын мәнінде ол алаяқ емес...
Америкалық басылымдардың бір тілшісі Джоан Гинтердің жеңісті жолын арнайы зерттеген. Тіпті алаяқ ретінде танытуға тырысқанмен, ешқандай дәлел келтіре алмаған. Ал жолы болғыш әйелдің өзі жас кезінде Калифорния университетінде математик болған екен. Математика ғылымдарының докторы атағын да иеленген. Көбіне статистикамен айналысуға құмартқан. Статистикалық көрсеткіштеріне сүйене отырып, жеңіске жетуге тырысқанын да жасырмаған. Мұны ол заңға қайшы емес екенін тілшіге берген сұхбатында да айта кеткен. Бір қызығы, соңғы ұтқан жеңісті үш билетін де өзі өскен өлкесінен (Бишоп) сатып алған.
Айта кетейік, елімізде бірегей "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" Заң бар. Осы Заң аясында, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы №48 қаулысымен "Сәтті Жұлдыз" АҚ бірыңғай лотерея операторы болып айқындалды. 2016 жыл соңында қабылданған заң бойынша, жаңа оператор түскен пайданың 10 пайызын еліміздегі спорттың дамуына бөлетін болады. Десе де "Сәтті Жұлдыз" АҚ басшылығы 10 пайыз емес, өз еріктерімен 15 пайыз көлемінде қаржы бөлуді қолдап отыр.
"Сәтті Жұлдыз" АҚ қыркүйек айынан бастап елімізде "Бақытты 7" және "Алтын" деп аталатын лотереяларды ойнату басталды. Лотереяларды жалпы тиражы — 2 миллион 100 мың билет. Олардың 450 мыңнан астамы ұтысты билеттер. Яғни әрбір 4-5-ші билеттің жүлдесі бар. Енді әр қазақстандық бір сәтте 2 миллион теңгеге қалтасын қалыңдата алады. Ал лотереяның жалпы сыйлық қоры 468 миллион теңгені құрайды. Америкалық математик секілді сіздің де миллионер атануыңызға мүмкіндік бар.
"Бақытты 7" билеттері 300 теңге тұрады. Ал "Алтын" лотереясының билеттері - 500 теңге. Оларды халыққа қызмет көрсету орталықтарынан, «Қазпошта» бөлімшелерінен, «Мега» сауда ойын-сауық орталықтар желісінен және "Magnum Cash & Carry" филиалдарынан сатып алуға болады.
О. Сансызбай