Жарнама "Сәтті Жұлдыздың" спортты дамытудағы сәтті қадамы

"Сәтті Жұлдыздың" спортты дамытудағы сәтті қадамы
Фото: FullHDoboi.Ru, Keywordsuggest.org

Спортты дамыту үшін қыруар қаржы қажет екені жасырын емес. Елімізде бұл қаржының басым бөлігі мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Сондай-ақ спорттың дамуына демеушілердің де тигізер көмегі зор. Ал әлемдік тәжірибеде лоторея компаниялары да спортты қаржыландыруға көңіл бөледі.

Қазақстанда да ұлттық лоторея жүйесі елімізде спортты дамыту үшін жұмыс жасайтын болады. Бұл жайында Vesti.kz тілшісі жазған болатын.

Елімізде бірегей "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" Заң бар. Осы Заң аясында, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы №48 қаулысымен "Сәтті Жұлдыз" АҚ бірыңғай лотерея операторы болып айқындалды. 2016 жыл соңында қабылданған заң бойынша, жаңа оператор түскен пайданың 10 пайызын еліміздегі спорттың дамуына бөлетін болады. Десе де "Сәтті Жұлдыз" АҚ басшылығы 10 пайыз емес, өз еріктерімен 15 пайыз көлемінде қаржы бөлуді қолдап отыр.

Көп адамдар "Сәтті Жұлдыз" АҚ өз еріктерімен спортты дамыту үшін бөлінетін 10 пайыз қаржыны 15 пайызға өсіргеніне сеніңкіремейді. Бұл – қандай да бір алдау емес. Қарапайым ғана түсіндіріп беруге болады.

"Сәтті Жұлдыз" АҚ әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, елімізде лоторея саласын дамытуға күш салатын болады. Біз Бүкіләлемдік лоторея қауымдастығының (WLA) тәжірибесіне сүйене отырып жұмыс жасаймыз. Олар 5 құрлықта, 80 жуық елде лоторея кәсібін дамытып отыр. Біздің компания олардың құрамына толыққанды мүше ретінде қосылу үшін келіссөздер жүргізуде.

Бүкіләлемдік лоторея қауымдастығына толыққанды мүше болу үшін ұйымның арнайы талаптары бар. Соның бірі – өз еліңде спортты дамыту мен қоғамға қажетті жобаларға қаржы аудару. Бұл бір талап болғанмен, 15 пайыз қаржы бөлу міндетті емес. Дегенмен біз бұл стандартты елімізге алып келгеннен кейін, оны асыра орындауды құп көрдік. Әр қазақстандық ұтыс билетін сатып алу арқылы ұлттық спорттық дамуына өз көмегін тигізетін болады, - деді "Сәтті Жұлдыз" АҚ президенті Александр Тен.

Жоғарыда айта кеткендей тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде қолданылады. Әсіресе Олимпиада ойындары кезінде лоторея ойындары жиі ұйымдастырылады. Мысалы, КСРО-дан қазіргі кезге дейінгі бар Спортлото 1980 жылғы және 2014 жылғы Олимпиада ойындарын өткізу үшін 500 миллиард рубль көлемінде қаржы түсірген. Ал Канададағы Олимпиада ойындары үшін "Лото-Квебек" лотореясы ұйымдастырылған. Төрт жыл ішінде 1976 жылы Монреалда өткен Олимпиадаға қыруар қаржы түсірген.

Дәл осындай 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындары кезінде де пайдаланылған. Жергілікті лоторея компаниялары сатылымнан түскен қаржының 30 пайызын мемлекеттік бюджетке аударған. Ол шамамен 300 миллион долларды құраған. Бұл қаржы елдің инфрақұрылымын дамытуға жұмсалып келеді екен.

Лондондағы төртжылдықтың басты додасында Олимпиадалық стадион, велодром, су спорты орталығы лоторея компанияларынан түскен қаржы негізінде салынған. Сондай-ақ қаржының бір бөлігі Паралимпиадалық ойындарды ұйымдастыруға жұмсалған.

Жоғарыдағы мысалдардан байқағанымыздай, әлем елдерінде лоторея кәсібі спортты дамытуға зор септігін тигізуде. Бұл тәжірибе енді елімізде де жүзеге асатын болады. "Сәтті Жұлдыз" АҚ қоғамда спорттың дамуы мен спорттық нысандардың салынуына өз септігін тигізсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

"Сәтті Жұлдыз" АҚ қыркүйек айынан бастап елімізде "Бақытты 7" және "Алтын" деп аталатын лотереяларды ойнату басталды. Лотереяларды жалпы тиражы — 2 миллион 100 мың билет. Олардың 450 мыңнан астамы ұтысты билеттер. Яғни әрбір 4-5-ші билеттің жүлдесі бар. Енді әр қазақстандық бір сәтте 2 миллион теңгеге қалтасын қалыңдата алады. Ал лотереяның жалпы сыйлық қоры 468 миллион теңгені құрайды.

"Бақытты 7" билеттері 300 теңге тұрады. Ал "Алтын" лотереясының билеттері - 500 теңге. Оларды халыққа қызмет көрсету орталықтарынан, «Қазпошта» бөлімшелерінен, «Мега» сауда ойын-сауық орталықтар желісінен және "Magnum Cash & Carry" филиалдарынан сатып алуға болады. Сатылым FLEXsys ақпаратық жүйесі арқылы жасалады. Ол жүйе қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді, әлемдік стандарттар мен Дүниежүзілік лотереялар қауымдастығының талаптарына 100 пайыз сәйкес келеді. "Бақытты 7" және "Алтын" лотереясының билеттері мен ойнатылуы жайлы толығырақ ресми сайтынан да қарауға болады.

"Сәтті жұлдыз" АҚ-ның стратегиялық серіктесі - лотереяны ұйымдастыру саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялар Scientific Games International Inc (АҚШ) және Fastrak Retail (UK) Ltd (Ұлыбритания). Америкалық компанияның лоторея саласында 40 жылдам астам тарихы бар. Олар әлем бойынша лотереяны құру және дамыту бойынша қызметтің бар кешенін ұсынып келеді.

О. Сансызбай