- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Жануарлар туралы біз...
Жануарлар туралы біз білмейтін 10 таңғажайып дерек
Кейбір жануарлар біз ойлағаннан да біршама ақылдырақ болады екен.
1. Қарға 7 жасар баладан да саналы.
Қарға – таңғажайып жетелі құс. Сара Джелберттің (Окленд Университеті) бастамасымен жүргізілген ғылыми тәжірибе қарғалардың сана қабілетінің 7 жасар баланың санасына сәйкес келетінін дәлелдеді. Зерттеудің нәтижесі бойынша қарғалар Эзоп мысалындағы тапсырманы орындаған, яғни құмырадағы суға жету үшін ішіне тас толтырған. Өз түйсіктеріне бағына отырып қарғалар одан да күрделі логикалық тапсыпмаларды орындай алады екен.
2. Араның кішкентай миы үлкен проблемаларды шешеді
Ғалымдардың зертеулеріне орай, бал арасы санауды, ұқсас нысандарды санатқа бөліп қарауды, бірдей немесе әртүрлі заттарды айыруды және симметриялы заттарды симметриялы емес заттардан айырып тани алуды біледі екен. «Үлкен сананың болуы үшін үлкен мидың қажеті шамалы», - дейді Королева Мария Ларс колледжі, биология және химия ғылымдары кафедрасының профессоры Читтка.
3. Ит санай алады және жүздеген сөздерді есінде сақтай алады
Британдық Колумбия Университетінің профессор-зоопсихологі Стенли Кореннің айқындауынша ит арифметиканың базалық білімін игеру қабілетіне ие екен. Зерттеуге орай, ит 1+1=3 деген сияқты қарапайым арифметикалық қателіктерді таба алған. Сонымен қатар, Кореннің айтуынша ит орташа есеппен 165 сөзді түсіне алады. Ең саналы, ұғынатын иттер 250-дей ишара мен пәрмендерді түсіне алады. Ғалымдардың растауынша иттің санасы оның тұқымына байланысты екен. Ал ең белсенділері колли тұқымы болып шықты.
4. Балық санауды біледі
Тропикалық өзендерде тіршілік ететін балықтың әрекет ету мәнерін бақылаған ғалымдар осындай түйінге келіп отыр. Олар топтасып жүрген балықтың ішінен қаншасы дарақ балық екенін тани біледі екен. Падуан университеті, салыстырмалы психология кафедрасының профессоры Анджело Бисаццо балықтардың сана қабілеті басқа жануарларға қарағанда айқындылықпен ерекшеленетінін айтады.
5. Какаду тотықұсы өте зерек
Вена университетінің зоологтары какаду тотықұсының құлыптарды ашу қабілетін байқап, таң қалуда. Сосын тәжірибе барысында, қораптың ішіне жаңғақ салып (құстарға көрсетіп), сыртын құлыптап тастайды. Оны ашу үшін ілгекті тартып, болтты шығару керек. Сосын ілікті алып тастап, құлыптың доңғалағын 90 градусқа бұру қажет. Пипин лақапты какаду аталған төрт алгоритмді орындауға екі сағатын жұмсаған.
6.Кәрісше сөйлейтін піл
Кошик лақапты Азия пілі адамның айтқанын ұқсата алады. Ал кәріс тілін білетін адам оның не айтып жатқанын толық түсіне алады. Пілдің сөздік қоры бес сөзден тұрады дейді Current Biology журналының зерттеушілері. Ол мынадай сөздерді біледі: «annyong» («сәлем»), «anja» («отыр»), «aniya» («жоқ»), «nuo» («орнына қой») и «choah» («жақсы»).
7. Алтын балықтардың музыкалық талғамы бар
Жуырдағы зертеу нәтижелеріне сенсек, алтын балықтар Бахтың композицияларын Стравинскийдікінен ажырата алады екен. Зерттеу барысында балықтарға «Токкату и фугу ре-минор» мен «Қасиетті көктем» музыкалық композицияларын қосып береді. Алтын балықтар әуеннің үні мен ырғағына мән беріп, тапсырманы мүлт кетпей орындайды. Нақтырақ айтсақ, олар бұрын тыңдаған сарынға сезіне бұрыла береді. Ал жаңа композиторлардың туындыларына бұрылып та қарамаған.
8.Жылан өз құрбандығын санамен өлтіреді
Жыландар тек түйсікпен ғана әрекет етпейді екен. Олар құрбандықтарын өлімінің соңына дейін бақылайды. Biology Letters журналының зерттеулеріне орай жыландар құрбандықты аулау стратегиясын басынан соңына дейін толық ұйымдастырады екен. Ғалымдардың пайымдауынша жыландар туралы біздің көзқарасымыз енді өзгеріп келеді. Бауырымен жорғалаушылардың күрделі функцияларды орындауы енді бірінші рет байқалып отыр екен.
9.Жылқы өзінің иелерін ешқашан ұмытпайды
«Жылқылар адамның айтқан сөздерін (пәрмендерін) өте жақсы түсінеді және есте сақтау қабілеті де жоғары», - дейді Ренн университетінің этологы Кэрол Сэнки. Ғалымдардың айтуынша жылқылар адам айтқан сөздерді ажырата алады. Әсіресе, адамның дауысын дұрыс айырып тани біледі.
10. Дельфин – адамнан кейінгі ең ақылды тіршілік иесі
Эмори университетінің ихтиологы Лори Марино және оның әріптестері осындай пікір айтып отыр. Тарихта алғаш рет ғалымдар делфиннің дыбысын шынайы уақыт көлемінде адамның тіліне аудара алатын аппарат ойлап тапты. Ал бірінші айтылған сөз «саргассум» (теңіз балдырының түрі) болды.
Тағы да оқи отырыңыздар:
Әлемдегі ең ұзын қырықаяқтың уы адам өлтіреді
Амазонкада көрінбейтін көбелек өмір сүреді
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.animalplanet.com
Ж. Өрісбай